№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

Қазіргідей ахуалда қиналған жанға қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтарға алдымен алғаусыз алғыс айтамыз.  Иә, қазір елді айтпағанда, ауданның өзінде науқастанған тұрғындардың қатары күн санап көбейіп келеді. Оларға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар жетіспеуде екені түсінікті. Осындайда қол ұшын созын азаматтардың еңбегі ерлікпен пара-пар.
Жаңақорған кенті аумағында орналасқан "Премиум Класс Строй" ЖШС әк зауыты ұжымы аудандық ауруханада ем алып жатқан науқастар үшін 120 дана оттегі балондарын алдырып, көмек қолын созды. Жаны жомарт зауыт басшысы Марлен Искаков бауырымызға Алғыс білдіреміз.

Сондай ақ, ауданымыздағы ірі кәсіпорындары, атап айтар болсақ "Шалқия Цинк ЛТД", "Қызылқұм", "Байкен U", "СКЗ-U" ЖШС зауыттары да бұл игі шараға атсалысуда.

Құрметті аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, жалпы еңсесі түскен елдің тілеуін орындай алатын азаматтарға құлаққағыс болсын немесе бүгінгі іс үлгі болсын. Сондықтан игілікті істен сырт қалмай, жұмыла көтере, жүгімізді жеңілдетуге шақырамыз!!!
Ел аман, жұрт тыныш болсын, індеттен ертерек жазылып шығайық...
09 шілде 2020 ж. 1 087 0