Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 4 БАЛАСЫМЕН ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАН ӘКЕГЕ БЕС БӨЛМЕЛІ ҮЙ БЕРІЛДІ

4 БАЛАСЫМЕН ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАН ӘКЕГЕ БЕС БӨЛМЕЛІ ҮЙ БЕРІЛДІ


Әйелі көз жұмып, төрт баласымен жалғыз қалған Жамбыл Дауытов көмек қолын созған жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Құттықтай берсеңіздер болады, халқым. 40 күн бұрын әйелі қайтыс болып, төрт баламен далада қалған Stan.kz, Еуразия каналдарына шығып, бизнесмендерден көмек сұраған Жамбыл бауырымызға менің инста-төркіндерім асарлатып 5 050 000 теңгеге 5 бөлмелі үй, 10 соток жерімен үй әперді. Эльмира Ешниязова жеке қайырымдылық қорының атынан нотариусте үйдің документтерін рәсімдедік», - деп жазды Эльмира Ешниязова есімді желі қолданушысы. 
Көп балалы әке де өз кезегінде қуанышын жасырмады. Десе де, ол дәл қазір өзін балалардың өзінде қалуы мәселесі алаңдатып отырғанын жеткізді. 
«Құтты болсын. Іші балапандардың күлкісіне толсын!», «Құтты болсын. Бақыт әкелетін шаңырақ болсын», «Алла разы болсын! Берекелі баспана болсын», «Істеген жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын» деп жазды желі қолданушылары. 

ДЕРЕККӨЗ: stan.kz сайтынан.
25 шілде 2019 ж. 1 620 0