№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында судьялар арасында семинар сабағы өтті.

Семинарға аудандық сот төрағасы, судьялар, кеңсе меңгерушісі қатысты.

Шара барысында төраға Ә.Түбекбаева Президент Қ.Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заңына қол қойғанын атап өтіп, қатысушыларға заңнамаға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.

Атап айтқанда, судьяның істі қарау барысындағы белсенділігі, қажет болған жағдайда дәлелдемелерді өз бастамасымен алдыртуы, дауларды соттан тыс шешуге басымдық берілуі, жекелеген мәселелерді тараптарды шақырмай-ақ қарау, процестік мерзімдерді ұзарту, қалпына келтіру, электронды хаттама жайлы талаптарға тоқталды.

Семинарға қатысушылар Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқылап, аталған жаңашылдықтардың соттардың жұмысын оңтайландыру, жүктемесін азайту, іске қатысушылардың іс жүргізу шығындарын азайтып, электронды сот процесін енгізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 маусым 2020 ж. 657 0