АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІ ОҢТАЙЛАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
Азаматтық процестік Кодекске іс жүргізуді оңтайландыру мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныс болыңыздар:
Іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып, сот жұмыс уақыты аяқталған соң істі қарауды жалғастыруға және (немесе) шешім шығаруға құқылы;
жеке сот актісін қабылдамай, мынадай мәселелерді шешуге:
сот отырысын тағайындау туралы. Енді тараптарға сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты жайлы хабарлама жіберу жеткілікті.
іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы. Бұл туралы хаттамаға мәлімет енгізілетін болады.
іс жүргізу тоқтатылған, талап қою арызы қараусыз қалдырылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою . Бұл мәселе соттың тиісті ұйғарымында көрсетіледі.
оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден жалпы талап қою тәртібімен іс жүргізуге көшу туралы. Бұл жайлы соттың шешімінде көрсетіледі.
талап қою арызын оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау үшін қабылдау туралы. Тараптарға бұл жайлы хабарлама жіберу жеткілікті.
Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылатын шешімдерге қойылатын талаптар өзгерді. Өзгерістерге сәйкес оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған істер бойынша шешім тек кіріспе және қарар бөліктерден құралатыны белгіленді. Кіріспе және уәждеу, қарар бөліктерінен тұратын шешім тараптардың жазбаша өтініші, соттың бастамасы бойынша,сондай-ақ сот аталған шешімнің күшін жоюдан бас тартқан жағдайда беріледі.
іске қатысушыларға сот актілерін жіберу біріздендірілді.Енді барлық сот актілері тараптарға 3 жұмыс күні ішінде жіберілетін болады.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар соттардың жұмысын оңтайландырып,жүктемесін азайтуға, іске қатысушылардың іс жүргізу шығындарын азайтып, уақытын үнемдеуге септігін тигізеді деп санаймыз.