№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтық іс дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталды

Азаматтық іс дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталды


Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер М-нан несие қарызын кепілде тұрған мүліктен өндіру жайлы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер М. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан төлем және қайтарым шартына сәйкес несие алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған.
Осыған орай, талап қоюшы қарызды кепілде тұрған мүлік арқылы өндіріп алуды қолдану туралы талаппен сотқа жүгінген.
Алайда, сотқа тараптардан істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздар және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы өтініштер түскен.
Медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша, жауапкер берешек несие қарызын өзара келісілген уақытта төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарыммен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Бұл өз кезегінде медиацияның тараптар арасындағы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
12 мамыр 2020 ж. 656 0