№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » КОРОНОВИРУС АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЕМЕС

КОРОНОВИРУС АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЕМЕС

Тарихқа үңілсек, Ұлы Аталарымыз жұқпалы аурулардың алдын алудың да, емдеудің де жолдарын білген екен.

Бұл індеттің симптомдары кәдімгі тымаумен бірдей. Асқынса ушығады, дұрыс ем қолданылса жазылады, алдын алса мүлдем ауырмайды.



Солардың бірнешеуін қаперлеріңізге ұсынамын:

1. Еліміз індеттен түгел арылғанша ауырған адамдармен жақын қарым-
қатынаста (контакт) болмай, оқшаулану. Бетперде (маска) кию. Ғимараттарда, көшелерде 1,5 - 2 метр арақашықтық ұстау.

2. «Жан алып, жан берісетіндей» аса бір қажет болмаса, адамдар көп
жиналатын қоғамдық орындарға бармау. Жақын, таныстармен қол беріп емес, ауызбен амандасу. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Жалпы қазақтың Ата салтында алыстан ауызбен амандасқан, қос қолын беріп, құшақтасып көрісу жылына бір-ақ рет Наурыз мерекесі кезінде болған. Қандай даналық десеңізші! Аталарымыздың бұл әрекеттерінің қаншалықты керемет көрегендік екенін бізге мына індет көрсетіп берген жоқ па?

3. Сыртқа шығып келсеңіз қолыңызды кәдімгі кір сабынмен жақсылап
жуып тұрыңыз. Кір сабынды саусағыңыздың ұшымен сумен ылғалдап езіп, алып мұрын қуысына жағасыз. Кір сабын жүрген жерге вирус жоламайды.

4. Тұтас сарымсақтың бір бөлігін ұсақтап, майдалап бөліп аузы
жабылатын кішкене шыны ыдысқа саласыз. Соны мұрыныңызға, яғни екі танауыңызға тақап, ішке кезек-кезек демін тартасыз. Бір салғанды 4-5 күн пайдалануға болады. Күніне жұмысқа барарда және кешке екі рет істесеңіз жарап жатыр.

Жуа немесе сарымсақты, сыртқы қабығын аршып, кесіп тарелкаға салып ас бөлмеге қоясыз. Ауамен тарайтын вирустерді өлтіреді.

Сарымсақты тесігі бар кішкене құтыға салып, төс қалтаңызға алып жүрсеңіз де әбден болады.

Бұлар тәжрибеден әбден өткен әдістер. Мұны істесеңіз тұмаумен ауырмайтын боласыз.

5. Адыраспан тұтату. Бұл әдісті әжелеріміз есте жоқ, ескі замандардан бастап қолданған, жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді әдіс. Адыраспанның ауадағы (бөлмедегі) зиянды микробтарды өлтіретін аса құдіретті емдік қасиеті бар. Дәріханаларда «балауыз (свеча)» сияқты дайын нұсқалары да сатылады.

Киелі, әрі емдік қасиеті жоғары деп саналатын адыраспанды дәстүрлі ортада жұлардың алдында киесі ұрады деп алдын ала дәрет алып, ерте аттанып барып иіліп сәлем берген:

Ассалаумәләйкум, Адыраспан!
Бізді сізге жіберді Омар, Оспан.
Кеселге жеті түрлі ем болсын деп,
Әкім Лұқпан пірлері ақыл қосқан.

Соңынан малдас құрып, Құран аяттарын оқиды.

Адыраспанды тек ер адам ғана жинайды, қапқа салып жинап алып, кептіріп қояды. Ертеде әйел босана алмай қиналып жатқанда, зиянды күштерді адыраспан түтінімен қуатын болған. Адыраспанмен баланың бесігін және сырқат адамды да аластайды. Тіл мен көз тигендерді емдегенде адыраспанды түтетіп, тұзды басынан айналдырып, отқа тастайды.

Әлемде адыраспанның бұл қасиетін білмейтін де, қолданбайтын да елдер жоқтың қасы.

6. Ежелгі ата-бабаларымыз аурудың алдын алуда да, ауырған жандарды емдеуде шөп тамырларын, шөптің өзін және гүлдерін көптеп пайдаланған. Солардың ішіндегі ел арасында ең көп қолданылатыны «Түймедақты (ромашка)» арнайы атап өтпекпін. Себебі, оны кез-келген жұқпалы аурудың алдын алу үшін де, ауырған жағдайда да қолдануға әбден болады. Бір стакан суға бір-екі шай қасығы салынып, тұндырылып, сүзгіден өткізіп ішіледі. 7-10 күн қолданылса жарап жатыр. Жұқтырған қандай вирусыңыз болса да қағып алады. Бір өзі 600-ден астам жұқпалы вирустерге қарсы тұра алатын көрінеді.

7. Ұлы Ата-бабаларымыздың жұқпалы індеттердің алдын алуда ең бір нәтижелі, бірден-бір тиімді және ең көп қолданған емі КҮМІСТІ кеңінен пайдалануы болған. Күмістің емдік қасиеті медицинада да толықтай дәлелденген. Ол бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.

Ендеше, бұл металды адам организміне қалай жеткізуге болады? деген сұраққа жауап іздесек, ас ішкенде, әсіресе балаларға күміс қасық пайдалану, денеңізде күміс әшекейлердің (сақина, сырға, білезік, алқа, шолпы т.т.) болуы қажет.

Көктем мен күз айларында қайнатылған таза суды графинге құйып, ішіне күміс салып қоясыз да, үй ішімен сол суды пайдаланасыз. Мұндай отбасыларға тұмау, т.б. жұқпалы аурулардың ешқайсысы жоламайды.

8. Кішкене шәйнекке, немесе ингализация жасау үшін шығарылған арнайы ыдысқа (дәріханаларда сатылады) ас содасын салып қайнатып, тамағыңызға ингализация жасайсыз. Кей елдердің дәрігерлері, ғалымдары «Говид-19»-дан осылай емделгендерін жазған.

9. Кішкене шәйнекке, немесе ингализация жасау үшін шығарылған арнайы ыдысқа түймедақтың (ромашкінің) 1-2 шай қасығын салып қайнатып, тамағыңызға ингализация жасайсыз. Үйіңізде болса, үстіне қызыл майдың 10-15 тамшысын қосып жіберсеңіз тіпті жақсы.

10. Бір орыс ғалымының тәжрибесі бойынша Прополистің (базарларда
бал сататындарда болады) кішкене ғана, бидайдай бөлігін ауыз қуысына салып сорасыз. Ағзаңызды тазалайды. Індет жұқпайды.

11. Италияндық дәрігерлер «Говид-19 (Короновирустің)» емі табылды деп, хабарлап жатыр.

Рецептісі: Бал салынған ыссы лимон согіне 3 таблеткі (500 мг) аспирин араластырып ыссы күйінде ішу керек.

Әлгі дәрігер өзі және отбасы үй ішімен, түгел ауырып кешке жатар алдында, осы емді жасағанда таңертең бәрі де жазылып кеткен. Оны таныстарына айтқанда, оларда түгелдей жазылған.

12. Кей дәрігерлер аспирин 100 мг Апроникс немесе парацитомол қосып ішілсе жазылатындарын жазған.

13. Тағы бір Европалық дәрігер кәдімгі масканың үстіне 5-6 қабат дәкені
(марлі) қойып, оған таза спиртті шашып, он минуттай спирт буымен дем алғаннан жазылғанын жариялаған. Екі тәулік бойы 1,5-2 сағат сайын қайталап отырған.

14. Тамақтарыңызды ас содасы, тұзды су ерітіндісімен шайып жүріңіздер.

15. Химиялық өңдеуден өтпеген қазақтың төрт түлік малының еті мен сүтінен жасалған табиғи өнімдерін және жеміс-жидектерін көптеп пайдалану қажет. Иммунитеті жоғары адамға, жұқпалы індет жоламайды. Ұлы аталарымыз "Ауру астан, дау қарындастан" деп, бекер айтпаған.

Егер біз осыларды істесек, бұл індетті жеңетініміз хақ.

Ауырмаңыздар. Репост жасап бөлісіңіздер. Басқалары да біліп жүрсін!
М. Қожырбайұлы
28 маусым 2020 ж. 393 0