Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Туған жердің талантты түлегі

Туған жердің талантты түлегі

Жердің қай түкпірінде жүрсең де, кіндік қаның тамып, балалық балдәуреніңді өткізген жерің бәрінен ыстық, бәрінен биік. Сол топырақтан нәр алып, көктеп, гүлдеп, қанатыңды кеңге жайған сайын артыңа қарайлап, биіктігіңді аласартып, туған жерге тәу еткің келеді де тұрады. Кешегінің куәсі болып, қандай болсаң да қаз қалпыңда, бар болмысыңмен қабылдайтын да сол туған жер.
Ауылдағылар түлеп ұшқан кез-келген түлекке сәттілік тілеп, қанатының талмауын, бағындырар биігінің аласармауын тілейді. Өмірде жолы болғандар мен сол жолға еңбекпен, маңдай термен жеткендер де болады. Біз білетін Дулат Орынбасарұлы жастайынан еңбекқор, ізденімпаз білімді болып өсті. Кісінің балдарындай алаңсыз ойнауды білмей, тәртіпті, тәрбиелі қылығымен танылды. Осындай балаң жігіттің ақылды, парасатты болып өсуіне әкесі Орынбасар мен анасы Ұлғанның еңбегі зор.
Дулат студенттік шағынан еңбекке ерте араласты. Университет қабырғасында жүріп-ақ, республи­калық 31 арнада, бірнеше бас басылымдарда редактор, шеф редактор қызметтерін атқарса, кейін Қазақстан ұлттық арнасында, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің тілшілер тобында қызмет етті. «Шабыт» Халықаралық шығармашылық байқауының лауреаты атанды. Ол бүгінде «Қазақ радиолары» ЖШС-нің бас редакторы, «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры қызметін атқарады.
– Сол жылдары қоғаммен байланыс деген жаңа мамандық шыққан еді. Әкеммен ақылдаса келе осы мамандықты таңдадым. Қазақ ұлттық университетіне түскенімде бұл мамандық журналистика факультетініне қарайды екен. Бағыма орай мектепте қызығып оқыған қазақ тілі, әдебиет пәндерімен тығыз байланысты болып шықты. Бұл мамандыққа деген қызығушылығым одан сайын арта түсті. Мен нағыз шығармашылық ортада шыңдалдым десем де болады, – деді бізбен әңгімесінде.
Дулатпен бір-екі ауыз тілдескенімде бәсекелестік ортада анағұрлым өскен, пайымды және діттеген мақсатына жетпей қоймайтын қайсарлықты байқадық. Одан өмірдегі ұстанымы жайлы сұрағанымда,
– Барлық адамзатқа тән қағидаттарды сақтай отырып бақытты, салиқалы, мәнді өмір сүру. Айналаңа пайдалы болу. Ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның дамуына үлес қосу, қоғамға игілігіңді тигізе отырып қызмет ету, – деді ол нақты. Иә, өзіңді ғана емес, өзгені де ойлай отырып жетістікке жету, қоғамға пайдалы болу жаңа заман қағидасы емес. Ежелден келе жатқан елдік мұрат. Азаматтық ұстаным. Біз Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін де ізгі қоғам құруымыз қажет. Ол үшін әрбіріміз туған ауылымыздан бастауымыз қажет.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қызметіне кіріскен сәттен-ақ халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын өзінің басты мақсаты етіп қойды. Қазір осы қағида аясында жұмыстар істелуде. Нәтижесінде кез-келген жердің азаматтық қоғам белсенділері, жанашырлары ойларын ашық айтып жүр. Жергілікті жердегі ойы озық, көзі қарақты тұрғындарды билікке араластыра отырып, елдің, жердің ортақ мәселесін көтеру. Елдің шын мұқтаж болып отырған мәселесін алға тарту. Сондай-ақ сырттағы меценаттар тарту арқылы да көптеген істі тындыруға болады. Бұл туған жерді түлетуге септігін тигізетіні анық, – деді жас редактор.
Иә, адамзаттың асыл қазынасы саналған сөз өнері, білім биігі әлем мойындағанда ғана біз өркениеті озық, мәдениеті жоғары мемлекетке айналамыз. Ол үшін халқымыздың қалтқысыз қастер тұтқан туған жерін түлетіп, мерейімізді асыратын, өр рухын көтеретін, асылдарын түгендеп ардақтысын қадірлейтін ұлт болуымыз қажет. Сол жолда аянбай тер төгіп, ұлт үшін қызмет ететін ұлтжанды ұрпақ болуы тиіс. Біз Дулатпен тілдесе отырып, елі, жері деп соғатын өр азаматты байқадық.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
27 маусым 2020 ж. 1 091 0