Қаладағы үйлену тойына қарағанда ауылда өтетін уйлену тойы керемет болатын
Қаладағы үйлену тойына қарағанда ауылда өтетін уйлену тойы керемет болатын. Әлде бал дәурен балалық шағымның бір сәті сонысымен есте қалғаннан ба,мәлі күнге көңілге ыстық, жаныма жақын.
Шарбақ сыртынан кіретін жас жұбайларды, қызық іздеген бала-шағадан бастап, жігіт-желең, қыз-қырқыны бар, ата-әжелерге дейін қол шапалақтап тосып тұратын. Колокола шалбар киген, көйлектерінің жағасы ұзын аға ұрпақ бала танымымда әлі күнге көз алдымда қалыпты. Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар, Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар. Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар, Жас келінді көруге асығуда, жар-жар. - деп ән салған, үй ауласында өткен үйлену тойын көрдік. Негізі бұл әннің әуені халықтық болғанымен, сөзін Әбдірахман Асылбек жазған. Жалынды жастық шақта Алматыда бір топ студенттер жамбылдық жерлесі Берден Байқошқаров үйленетін болып, тосыннан сыйлық істеуді әрі-бері ақылдасады.
Танымал «Жар-жар» әнінің сөзін жаңаша жазып, тойда шырқау туралы ой келеді. Ақынның қаламға жақындығы бар екенін білетін достары оған «әнге жаңадан сөз жаз» деп қолқа салады. Бұл 1959 жылдың күз мезгілінде болған. Сөйтіп жауапкершілікті мойнына алған ақын сөзін түнімен жазып, келесі күні баспа машинкасында 9 дана болып теріп берген. Той басталмас бұрын достар 15 минут дайындық жасаған. Алматыда «Саяхат» автобекетінің маңындағы «Жастар» мейрамханасында өткен үйлену тойында жас жұбайлар үшін дәстүрлі «Жар-жар» жаңа нұсқада шырқалған. Ән мәтіні жазылған парақтар ел арасында таралып кетті. Сол кезден бастап «Жар-жар» әні шырқалмай, үйлену тойының реңкі кірмейтіндей бір жазылмаған дәстүр қалыптасты. Содан көп ұзамай әннің елге ұнағаны соншалық, үйлену тойының шақырту билеттеріне жекелеген шумақтары жазыла бастады. Алайда, әп сәтте танымал болып кеткен әннің авторын да, тарихын да ешкім сұрамай, таралып кетті.
Ән авторы Асекең 2002 жылы әділет министрлігіне қарасты авторлық құқықтар комитетіне хат жазған соң, оған жауап ретінде «1959 жылдан бері айтылып келе жатқан «Жар-жар» әнінің сөзін шығарған Әбдірахман Асылбек» деп жазылған диплом-сертификат табысталды.
Нұрлан ҚАЗИҰЛЫ.