№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аудан бойынша мал ұрлығы тыйылмай тұр

Аудан бойынша мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қолданылған шараларға қарамастан аудан бойынша мал ұрлығы тыйылмай тұр.
Оның негізгі себебі – малды қараусыз қалдыру екені анық. Мұны аудандық прокуратура тұрғындармен кездесу кезінде падамен бағып, қадағалаудың маңызды екенін жан-жақты талдап, түсіндірді.


Жыл басынан бері тіркелген қылмыстарды өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 160-тан 87-ге немесе 46 процентке кемісе, ал мал ұрлығы 29-дан 30-ға немесе 3,4 процентке артып отыр.
Бұл қылмыстардың 19-ы немесе 57,9 проценті жайылымдық жерлерде орын алды.
Орын алған өзекті мәселенің шешілу жолдары кент және ауылдық округтердегі белсенді азаматтарымен, ардагерлерімен, аудан әкімдігі қызметкерлерімен кездесу барысында талқыланды.
Дегенмен ауданымыздың жекелеген тұрғындары малды өріске өз бетінше жіберіп қаражаттарын үнемдеп, еркін жайылған малдың қоңды болатынын алға тартып, бақтыруға ынталық танытпауда.
Бағусыз жүрген малдың жыртқыш аңдар мен барымташылардың оңай олжасына айналатыны анық.
Мал ұрлығымен ұсталған азаматтар тұрмысы төмен отбасыларына жатпайды, керісінше жекелеген азаматтардың ортақ пайдаланудағы тұрғын үйі, автокөліктері мен малдары да бар.
Мысалы, Төтенше жағдайда кезінде – ақпан-сәуір айында Түгіскен ауылының 10 тұрғынының 10 бас малын өрісте жайылып жүрген жерінен осы ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы екі азаматы ұрлаған.
Қылмыстық оқиғалар екі айдың көлемінде жеңіл автокөлікті пайдалану арқылы жасалып, ұрланған малдарды тірідей сатып келді.
Аталған азаматтар сот үкімімен сотты болды. Сот процессінде сотты болған азаматтар өздерінің істеген қылмыстарына шын жүректен өкінетіндіктерін білдірді.
Ардақты ағайын! «Өз-өзіңе бекем бол, көршіңді ұры тұтпа» дегендей ұрланған малдар арнайы бақташымен бағылып, күнделікті қадағаланған жағдайда мұндай ұрлық оқиғасы орын алмаспа еді?!
«Пайда ойлама, ар ойла» дегендей, бүркіндік азықты ойлап, ұрлық істеп, артыңда қалатын ұрпаққа таңба басып, орны толмас өкінішке бой алдырмайық.
«Ұрлық түбі қорлық» демекші қылмыстың түбі жаза екенін ұмытпайық!

Бағдат ЖҮСІПБЕКОВ,
Жаңақорған аудандық прокуратурасының аға прокуроры
09 маусым 2020 ж. 783 0