№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкімдер есебі: тұрғындар тілегі қандай?

Әкімдер есебі: тұрғындар тілегі қандай?

Сонымен кент және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесу аяқталды. 2019 жылы атқарған жұмыстарын саралап, 2020 жылғы жоспарларымен бөліскен әкімдерге бағаны халық береді. Сондықтан кездесу соңында аудан әкіміне кейбір тұрғындар шағымдарын айтып, тілектерін жеткізсе, енді бірі алғысын білдіріп жатты. Өткен жылдың қорытындысымен тұрғындарды не толғандырды? Осыны зерделеп алдық.
«Баяғы жартас, сол жартас» демекші, неше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселер жыл сайын аудан әкімінің назарына салына береді. Бұл жолы жаңадан әкім болып келген Сұлтан Ысқақұлы барлық мәселенің шешімін табуға болатынын, тек оған ниет болу керектігін жеткізді. Ең бастысы, халықтың қалауы ескерусіз қалмайтынын түсіндік.
Бірінші, көптің тілеуі ауыз су мен аяқ су мәселесі. Оның ішінде каналдардың дұрыс тазаланбауы, әсіресе Төменарық зонасы, Екпінді тұрғындары үшін ауыр тиюде. Екінші, ауылдың негізгі көпірлері, тағы да Екпінді, Жаңарық және өзге де елді мекендердің ауылға кіре беріс көпірлері апатты жағдайда екені көпті алаңдатады.
Үшіншіден, жарық мәселесі, электр бағаналарының ескіруі, жарықтың кейбір көшелеріне мүлде орнатылмауы басты мәселеге айналды. Төртінші, мал ұрлығы әлі де болса тыялар емес. Біз тұрғындардың негізгі тілеуін ғана қағазға түсірдік. Одан бөлек, 26 ауылдық округ пен кентте қанша шешілмеген түйін бар. Олар биылғы жылдың еншісінде көрінеді. Келер жылдың есеп беруінде осы мәселелр қаншалықты шешілді көреміз...
25 қаңтар 2020 ж. 707 0