№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алимент төлеу – борышың

Алимент төлеу – борышың

Неке бұзу, алимент өндіру, жалпы алғанда отбасылық түсініспеушіліктер бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналды. Әсіресе, алимент төлеуден жалтарған азаматтардың саны тым артты. Ал оларға алиментті өндірудің бірден-бір жолы борышкерлерді жұмыспен қамту. Жуырда аудандық прокуратураның бастамасымен аудан әкімдігінің қолдауымен «Жұмыспен қамту» орталығында «Борышкерді жұмыспен қамту» тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Бүгінде аудандық прокуратураның есебінде 97 борышкердің тізімі бар. Олардың тек 13 ғана жұмыс істеуге ниет танытты. Алайда бес қана азамат өздеріне қажетті жұмысты таңдаса, қалғандары бас тартқаны үшін тиісті жазасын алатын болады.
– Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – борышкер азаматтарға жұмыс тауып беріп, бала алдындағы парызын өтеуіне жәрдемдесу. Жұмыс ұсынушылар көп болғанымен көп әкелер бас тартып жатыр. Бас тартып, қарызды төлемегендер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабында және ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша жауапқа тартылады. Одан бөлек, заң бойынша мүлкіне тыйым салу, алып қою немесе өткізу, ел аумағынан шығуына тыйым салу немесе банктегі шоттарына тыйым салу және өзге де мәжбүрлеу шаралары қолданады, – деді аудандық прокуратураның прокуроры Самат Орынбасар.
Биылғы жылы осы баптар негізінде 7 тұлға жауапқа тартылыпты. Енді жәрмеңкеге қайта оралайық. Жәрмеңкеде 26 жұмыс беруші 40 мамандық бойынша 91 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмысы жоқ болса да, көп ер-азаматтар намыстанып жатқаны жасырын емес.
Бірақ жұмыс берушілер арасында 50-100 мың айлығы бар, қосымша тамағы және жататын жатаханасы тегін жұмыс түрлері кездесті. Мәселен, «Тасболат-А» шаруа қожалығы 6 жұмысшы қажет дейді. Еңбек ақысы күніне 2500 теңгеден, жұмысы қаптың аузын байлап, сараптап тұрады. Жұмыс бар, бірақ қызметкерлер жоқ. Әрине азаматтарға да кінә арта беруге болмайды. Тағдырдың жазғанын көреді ғой әрбір пенде.
Жалпы алғанда бұл жерде жұмыс маңызды емес, маңыздысы баланың болашағы. Жалтақ болмау, өзгеге жәутеңдеп қарап күн кешудің астарында қанша дегенмен ата-ана мейірімі мен әлеуметтік жағдайдың зілі жатыр. Егер бала келешегін ойласақ онда алимент төлеуден жалтармайық...

Ерлан АБДРАСИЛОВ
24 қыркүйек 2019 ж. 1 543 0