№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАЛАНТТАРДЫҢ ТЫНЫСЫН АШТЫ

ТАЛАНТТАРДЫҢ ТЫНЫСЫН АШТЫ

«Тау самалы» тынығу лагерінде «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында ІІІ «Ақ көгершін» облыстық әншілер байқауы мәреге жетті. Оған Қызылорда облысының барлық аудандарынан озып шыққан 6-13 жас аралығындағы жиырмадан астам әншілер бақ сынады.
Сегіз жастағы Өзгент елді мекенінің оқушысы Нұрдана Сейтхан Иран-Ғайыптың «Ән қанатым» әнін орындап кең диапазондағы ғажайып үнімен көрермендерді баурап алды. Ал, Қазалы ауданынан келген Мадияр Серік халық әні «Ақбақайды» құйқылжыта орында-
ғанда тыңдаушылардың көз алды-
на қазақтың кең байтақ даласы елестегендей болды. Қатысушы-
лардан мерейі үстем болған қос өнерпазға бас жүлделер берілді. Қармақшылық Аяжан Төребекқызы, сырдариялық Аруназ Сағынтай, шиелілік Біржан Бектөреұлы әншілік өнерімен дараланып, бірінші орынға табан тіреді. Сырдарияның Шіркейлі ауылынан келген 6 жасар Аймереке Құдайберген «Әппақ бала» әнімен бүлдіршіндерді тазалыққа шақырды. Байқауға дайындық барысында әнді орындаушылардың жетекшілерінің репертуарын әзірлеуде асығыстық танытқаны байқалады. Аты «Ақ көгершін» деп мемлекеттік тілдегі атауымен беріліп отырса да, қатысу-
шылардың түгелдей қазақ орындау-
шылары болса да бірқатары «Все вместе», «Волшебный цветок», «Новый день», «Моя земля» деген орысша әндерге таңдау жасаған. Ал, Сырдария ауданынан келген он жасар Батырхан Сәбитұлы «Сағындым сені туған жер», Айсара Қайратқызы «Қазақ елі осындай» әндерімен көрермендерді бір жел-
пінтіп тастады. Жаңақорғандық Өскенбай Рамазан «Туған өлке», жалағаштық Шұғыла Саттарқызы «Ана туралы баллада» сынды танымал әндерге таңдау жасағаны-
мен де оны талғампаз тыңдаушы-
ларға басқа қырынан жеткізді.
– Мен осы байқауда екі баланы болашақ әнші ретінде көре алдым. Қазалыдан келген Мадияр Серік пен Жаңақорған ауданынан қатысқан Нұрдана Сейтхан талантты балалар. Оларды дұрыс тәрбиелесе жақсы орындаушылар шығады, – дейді облыстық филармония басшысының орынбасары, қазылар алқасының мүшесі Әзиза Іздіқұлова.
– «Ақ көгершін» байқауы өз дәре­жесінде өтті. Мен бұған бірінші рет қатысып отырмын. Менің әзірлігім жақсы болғанымен, өзімнен де мықтылар бар екендігін көзіммен көрдім. Ойын тойда айтылатын әндер емес, халық әндеріне көбірек ден қоюым керек екендігін жетекшім де айтып отыр. Өнерлі достар таптым. Соған шынымен қуанып тұрмын, – дейді үшінші орын иегері қызылордалық Ернар Өскембаев.
Бәрінен бұрын, әнші балалар ән­шілікті сүйетін оқушыларға арналған «Ақ көгершін» байқауы барлығын, онда шынайы өнерімен озуға болатындығын қатысып, ел алдына шығып, қатысушылардың орындауышылық шеберлігін өз көздерімен көрген, сахналық өнердің киесін сезінген балалардың «Тау самалымен» тыныстары ашылды.

Ескендір ЕРТАЙ.

11 маусым 2019 ж. 905 0