Мақұлбек Барақұлы жайлы сөз етуді жөн көрдік
Кеңестік тоталитарлық жүйенің салдарынан күштеп ұйымдастыру, мал-мүлікті тартып алу, аштықтан қырылу, ұлт зиялыларын соттау, жер айдау және т.б террорлық қылмыстарды көруге болады. Иә әміршіл-әкімшіл, бюрократ адамдардың солақай саясатынан мыңдаған адам жазықсыз оба жекті. Қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестеріміздің арасында үш рет сотталып, оның екеуінде итжеккенге айдалған Мақұлбек Барақұлы жайлы сөз етуді жөн көрдік. 1892 жылы Мақұлбек Барақұлы Қыраш ауылында ауқатты отбасында дүниеге келді. Олардың жаз-жайлауы Қыраш пен Тоқтамыс арасы болса, қысты қазіргі Ақсуат ауылы маңы болған. Оның атасының түйелері Ақсуат көліне келіп су ішкенде «көлдегі балық көрініп қалатын болған екен», деп ескілердің көзін көрген көнекөз қария Барақтың ағасы Тілеуке. Ес біліп, ақыл тоқтатқан кезінде Мақұлбек Шахан болыстың Болған есімді қызына үйленеді. Болған апамыз дүниеге екі қыз, бір ұл әкелген. Бірақ тағдырға не шара үлкен қызы жас кезінде демікпеден қайтыс болса, екінші қызын ашаршылық жылдары аш бөрілер жеп кеткен. Сонымен ата-ананың бар тілегі жалғыз ұлдың үстінде болса керек. Осы бір нәубаттың отбасына қандай қасірет әкелгендігі жөнінде Болған әжем былайша еске алатын:
– Атаң Мақұлбек сотталып кеткенде аяғым ауыр еді. Төрт ай өткенде жарық дүниеге Айпатша есімді қыз келді. Айпатшам еңбектей бастағанда колхоздың жұмысына шықтым. Голощекиннің аштығының зардабы әлі тарқамаған кез. Бірде түске қарай Айпатшамды емізіп кетуге үйге келдім. Үйге кірсем бес жасар Батырша ұйықтап жатыр, Айпатша жоқ. Шарқ ұрып ауылды үй қалдырмай іздедім. Маған қосылып ауылдастарым да іздесті. Бірақ Айпатшам сол күйі табылмады. Міне осылайша күйеуім түрмеде, қызымнан тірідей айырылып аңырап қала бердім. Арада 60 жылға жуық уақыт өтсе де, есік сықыр ете қалса апалап Айпатшам кіріп келердей елегзіп отырамын, – деп шерлі жүрегі қарс айрыла күрсініп, көзінің жасын бір сығып алатыны жадымда жатталып қалды, – дейді келіні Гүлбаршын Өтепбергенқызы.
Мақұлбек жастайынан ауыл молдасынан арабша хат танып, «Ясинді» жатқа айтатын дәрежеге жетеді. Жаңақорғанда Омар төре салдырған қыш мектепте төрт сыныптық білім алады. Жиырма бес жасына дейін Сырдария болысының құзырында писарь болып қызмет істейді. Ол Алашорда партиясы қатарына өтеді. Кейіннен әкесінің ақылымен большевиктер жағына шығып, коммунистік партияның мүшесі болады.
Заман ағысын жіті түсінген Мақұлбек әке ақылымен қолына өздеріне жетерліктей ғана мал қалдырып, қалғанын жарлы-жақыбайларға таратып береді де, өзі Кеңес жұмысына араласып кетеді. Алғашқы артелдер мен ТОЗ-дарды құруға белсенді кіріседі. Мақұлбек Политотдел колхозында басқарманың орынбасары әрі бригадирі болса керек-ті. 1932 жыл ерекше ыстықтығымен және қуаңшылығымен келіп, елді аштық жайлап жатқан кез. Шамасы барлар колхоздан қашып Өзбекстан мен Тәжікстанға үдере көше бастайды. Күш-көлігі жоқтар аштықтан ісініп, тіске басатын бір түйір нан іздеп, дала кезіп кетеді. Мына нәубатты көріп жаны шыдамаған Мақұлбек 2-3 қараны сойдырып, колхозшыларға таратып береді.
«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны» – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, шолақ белсендінің бірі жағдайды ОГПУ-ға жеткізеді. Сол жылдың желтоқсан айының соңғы күндері тұтқынға алады. Онымен бірге ауылдастары Әбдіраман Кенжебаев, Жабалы Нәлібаев, Нұрманжан Серәлиев, Әділбек Сұлтанбеков, Жайлау Үсенбаев, Сейітқасым Бұрханов, Бәкір Асанов, Мәнсүр Ахметов, Тәшібай Смайлов деген белсенді азаматтар Оңтүстік Қазақстан (Жаңақорған ауданы ол кезде сонда қараған) облыстық ОГПУ бөлімінің Жаңақорған аудандық өкілінің 1932 жылдың 20 желтоқсанындағы қаулысымен қамауға алынады.
Оларға колхоз малын, астығы мен мүлкін талан-таражға салған деген айып тағылады. 1933 жылдың 12 қаңтардағы ОГПУ-дың жанындағы үштіктің қаулысымен Мәнсүр Ахметов бес жылға, ал Мақұлбек бастаған қалғандары 10 жылдан сотталады.
Оларды Әулиеатадан келе жатқан поездбен Ақтөбедегі түрмеге жеткізеді. Осы сапар туралы кейін Мақұлбекпен бірге болған Сейітқасым Бұрханов былай еске алады.
– Жолшыбай мінген бізді бұрынғылар шеттетіп, қалтамыздағы азын-аулақ тиын-тебеніміз бен ақшаларымызды тартып ала бастады. Сонда Мақұлбек бізді шетке отырғызып қойып вагондағы басшы болып келе жатқан кәнігі баскесермен жекпе-жекке шығып, ұрып жығып, бізге теңдік әперді. Ол сол күннен бастап барлық тұтқынға басшылық жасап, ұрылар мен баскесерлердің арасында тәртіп орнатты. Осы тәртіп кейін Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды мен Жезқазғандағы «СтепЛаг» (Степной Лагерь) түрмелерінде де сақталды. Түрме басшылары да Мақұлбектің тұтқындар арасындағы беделін байқап, оны бригадир етіп тағайындады. Соның арқасында оның қасында жүрген біздер аман қалдық, – депті.
Мақұлбек «Алпамыс», «Көроғылы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Мұңлық пен Зарлық» жырларын, сондай-ақ «Мың бір түнді» үздіксіз бірнеше күн жырлай беретін құймақұлақ кісі болған.
Ол серіктерімен бірге абақтыдан қашады... Елде тыл жұмыстарына араласады.
1945 жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда облыстық НКВД басқармасының қаулысымен ұсталады. Олардың ішінде Мақұлбек, ферма меңгерушісі Сейіткамал Бидауылов, Әбдірайым Тұрғанбеков (академик Сейфулла Әбдірайымовтың әкесі), Сердалы Ахметов, Байсын Жүнісбеков (Тілеухан Байсыновтың әкесі) колхозшылар арасында контреволюциялық жат пікір тудырып, үгіт жүргізген, колхоз жұмысына зиянкестік әрекеттерін жасап келген, деп тұтқынға алынды. Осыған орай РСФСР ҚК-нің 58 бабының 7, 10, 11 тармақтарымен іс қозғалып, тергеліп, 1946 жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облыстық сотына жіберілді. Қызылорда облыстық соты 1946 жылғы 26-30 сәуірдегі үкімімен Сейіткамал – 20, Әбдірайым – 15, Байсын-8, Сердәлі – 4 және Мақұлбек – 12 жылға соттап, Сібірге жібереді. Сахалин аралының жанындағы Колыма түрмесінде Мақұлбек 10 жыл болып, онда да бригадир болып түрмедегі тұтқын әйелдерге (халық жауларының әйелдері) балық аулайтын торлар тоқытқан. Оның бұл өнері кейін елге келгенде қажетіне жарады. Бірнеше рет ауылдас балықшыларға ау тоқып берді. Елге тек Сталин өлгеннен кейін 1954 жылы 2 жылы амниссияға жатқызылып оралған.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Президиумының 1957 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Барақов Мақұлбек пен Бидаулов Сейіткамалға ҚК-ның 58-10 бабының екінші тармағымен және 58-11 бабымен тағылған айыптары жөнінде Қызылорда обл сотының Үкімі және Қазақ ССР Жоғарғы Сотының ұйғаруы бұзылып, бұл істі дәлелденбегендіктен мүлдем қысқартқан.
Елге келгенде Мақұлбек Политотдел колхозында, ал шаруашылықтар ірілендірілгенде Бірлік кеңшарында еңбек етті. Арасында сынықшылықпен айналысқанын жас кезімізде өзіміз де көрдік. Ол кісінің оташылығы жөнінде немересі Бекен Батыршаұлы былайша еске алады:
«Жетпісінші жылдардың ортасында ауылда мектеп құрылысы басталды. Ауыл балалары түгел сонда барып ойнаймыз. Бірде оқушының бірі биіктен құлап, қолы бірнеше жерден сынды. Оны Жаңақорғанға дәрігерге алып кетпекші болып жатқанда Мақұлбек атам келді. Тұрғанбекті үйіне алып барып отырып , қолды саусағымен сипап отырып бәрін орнына келтіріп, айналасына жіңішке шыбықтар салып, орап байлап берді. Кейін Тұрғанбектің қолы ақаусыз бітіп кетті».
Иә, тағдыр тәлкегімен екі рет сотталып «халық жауы» атанып, екі рет ақталса да халқынан қол үзбеген, оның ыстық суығына төзіп, басынан қанша қиындық өтіп, НКВД-ның қанды соққыларын көрсе де, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған азамат 88 жасында дүниеден озды.
Бүгінде Батыршаның отбасы бұл күні үлкен бір мәуелі бәйтерек іспетті, өсіп өнген берекелі отбасы. Оның ұыйтқысы да берекесі атасы мен мен енесіне ширек ғасырдан астам қызмет етіп, ақтық сапарына шығарып салған Гүлбаршын Өтепбергенқызы (Бексұлтан Байкенжеевтің әпкесі) атадан қалған қарашаңырақты ұстап отыр.
Айта кететіні, Мақұлбек Барақов 1989 жылғы 30 тамызында Қызылорда облысының прокуроры бастаған он бір адамның ісін қайта қарап, олардың әрекеттерінде қылмыстың белгісі болмағандықтан келтіріп, толық ақтаған.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК