№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨТКЕННІҢ ізі өшпейді

ӨТКЕННІҢ ізі өшпейді

Арыстарым текті ізін қалдырып,
Ерліктері жатыр әлі жаңғырып
Ұлты үшін құрбан болған ұлылар,
Бабаларға бас иеміз мәңгілік...
Сталиндік қуғын-сүргін зобалаңына жазықсыз іліккен ұлт қайраткерлерінің рухына осылай тағзым етеміз. Осы дәстүр биылда жалғасты.
Жаңақорған кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мемориалы алдына жиылған қауымның қарасы көп. Бүгінгі жиынның тарихи тағылымы терең. Себебі, ХХ ғасырда жазықсыз атылып, себепсіз айдалған ұлт қайраткерлерінің мұрат-мақсатынан өміршен идеяларды алатынымыз ақиқат. Бұл шара осысымен де құнды.

Рухани шараның ашылу салтанатында ауданның бас имамы Сайділла қажы Омаров құрбандарға Құран бағыштап, оқушылар қолындағы гүл шоқтарын ескерткішке қойды.
Алғы сөз алған аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ халқының тартқан тауқыметі аз емес. Өткеніміз бен бүгініміздің арасында тағылымды тарих жатыр. Соның ішінде ХХ ғасырдың 30 жылдары ұлтты өркениетке бастайтын тұлғаларын жаппай қуғын-сүргінге ұшыратқаны санаға салмақ салады. Рухы азат, ойы озық, санасы сергек азаматтарға қиянат жасалмағанда бүгінде озық елдердің қатарында болар ма едік? Дегенмен, олардың мүдде-мақсатына біз қол жеткіздік. Қазір «Мәңгілік Ел» идеясы аясында дамудың жолын таптық, – деді.
Иә, қазақ халқы қай уақытта қандай қуғын-сүргінді бастан кешірсе де туған жердің топырағын аттап кеткен емес. Оған айқын дәлел, 1930 жылдарда елге келген нәубеттің салдарынан атамекеннен алыс кеткен қандастар туған топырақпен қайта қауышып, ел-жұртқа оралуы. Сондықтан, «Мың өліп, мың тірілген» қазақтың сан жылғы тарихының әрбір беті ата-бабалардың қанымен жазылса, оған тағзым ету біздер үшін үлкен парыз.
Аудан әкімінің сөзінен кейін жазушы, ақын Файзулла Сахиев құрбан болған әруақтар рухына арнап «Боздақтарға тағзым» өлеңін арнады.
...Елім деді еңіреп қазағым деп,
Қазағым деп көтеріп азабын көп.
От көседі ұлтының бақыты үшін,
Ар алдында ғасырда тазамын деп.

Солай қиын кез өткен елес бүгін,
Тарихты шындықпенен егессін кім.
Боздақтардың рухы мәңгі биік болсын,
Қазағымды әлемге теңестірген.
– Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Оның арнасына терең үңілетін болсақ, біз қашанда өткенді қадірлеп, тарихқа тағзым жасап тұруымыз шарт. Себебі, осынау ұлан байтақ далада еркіндікте өмір сүріп жатқанымыз сол аталар ерлігі. Осыны әрбір жас ұрпақ естен шығармай, батырлар әруағына тағзым жасап тұруы міндет, – деді кент тұрғыны Әмина әже.
Иә, қазақ тарихында ең ауыр, қасіретті кезеңде ашаршылық құрсауында қалып, ұлт тағдыры үшін таласқа түскен ұлылардың ерлігін бүгінгі ұрпақ осылай еске алады. Бұл тағзым етудегі ұлы көштің керуенін келер ұрпақ та жалғай бермек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

01 маусым 2019 ж. 1 487 0