» » МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, РУХАНИЯТТЫҢ ТІРЕГІ

МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ, РУХАНИЯТТЫҢ ТІРЕГІ


Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Руханият» орталығында «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Руханият шамшырақтары» атты мәдениет және өнер саласының майталмандарына арналған тағылымды шара өтті.


Шара барысында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ұлт руханиятын дамыту жолындағы елеулі еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.
Мәдениет – халықтың тарихы мен тағдырын, болмысы мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін қасиетті көпір. Ал сол рухани қазынаны сақтап, насихаттап жүрген мәдениет қызметкерлерінің еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Олар сахна мен кітапхана, музей мен мәдениет ошақтарында халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп келеді.
Іс-шара аясында мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, өңірдің рухани дамуына үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Бұл – мәдениет майталмандарына деген шынайы құрметтің, олардың қоғамдағы орны мен рөлін айқындайтын игі бастаманың көрінісі.
Өнер мен мәдениеттің шамын сөндірмей, ұлттық рухты асқақтатып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор денсаулық, шығармашылық табыс, тың идеялар мен толағай жетістіктер тілейміз!
Мәдениет бар жерде – руханият бар, руханият бар жерде – ұлттың болашағы жарқын!

#AMANAT
#МәдениетҚызметкерлеріКүні
#Руханият
#ҰлттықҚұндылық
#Құрмет
25 мамыр 2026 ж. 37 0