№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдайдан кейінгі кезеңде істердің қаралу тәжірибесі талқыланды

Төтенше жағдайдан кейінгі кезеңде істердің қаралу тәжірибесі талқыланды


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық соттың төрағасы мен судьялары, «Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-нің өкілі, «КМФ» микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің өкілі, «Арнұр Кредит» микроқаржылық ұйымы ЖШС-нің өкілі, «М-Ломбард» микроқаржылық ЖШС-нің өкілі, «Шиелі жарығы» ЖШС-нің өкілі, заң кеңес беру бөлімінің адвокаты және кәсіби медиатордың қатысуымен онлайн семинар өткізілді.
Іс-шарада аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева басты мәселе елімізде жарияланған төтенше жағдай режимінен кейінгі соттармен атқарылып жатқан және атқарылатын шаралаларға тоқталды.
Оның ішінде 42500 теңге төлемдер, мемлекеттік сатып алу, банктік даулар, банкроттық, микроқаржыландыру, коммуналдық қызмет және басқа да жағымсыз салдарға келтіретін сұрақтар жөнінде және сондай-ақ даулардың бейбіт жолмен шешуіне қатысты сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізді.
Коммуналдық төлемдер бойынша заң талаптарына сай өндіру мәселелерімен нотариусқа атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну қажеттігін түсіндірді.
Шара соңында қатысушылар түсіндірме барысында туындаған мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
29 мамыр 2020 ж. 779 0