Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкеге сағыныш

Әкеге сағыныш

Дерек көздеріне қарағанда, екінші дүниежүзілік соғыста 26 миллион 600 мың адам қаза тапты. Соғыс даласында 2 мыңнан астам жаңақорғандық та қалды. Солардың арасында Қалкен Қасымбеков те бар.
Ол жөнінде деректер көп кездесе бермейді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай майдангердің ұрпақтары біраз мәлімет іздейді.
Қалкен Қасымбеков 1908 жылы Қыраш елді мекенінде туған. Жастық шағы ашаршылық кезеңімен сәйкес келген ол еңбекке ерте араласады. 1936 жылы Ұлбала Шахаманова екеуі отау тігіп, 2 ұл, 2 қызды болады. Есімдері Сəрсен, Бауырхан, Күлаш және Зылиха. Алайда соғыс ұшқыны қос құлынын әкеден айырды. 1944 жылы Сәрсен ауырып қайтыс болады. Зылихадан өнегелі ұрпақ тарап, батыр ана атанды. Сексеннен асқан ақсамайлы әжеміз Жаңарық ауылдық округінде тұрады. Сәті түсіп, сұхбат алып қайтқан болатынбыз.
– Өмір мені де ерте есейтті. Әкеден айырылған қаншама өскін еңбек майданында бала кезден тер төкті. Ал анамыз сол соғыс уақытында еңбектің нағыз қазанында қайнады. Әжем мен анам Ұлбала соғыстың уағында арба айдап, таудан бидай тасыды. Тасыған бидайларын аудандағы астық қоймасына апарып өткізетін. Жыл он екі ай арба айдап, соғыстағы ерлерге демеу болса, біз бидай қорып, орақпен орып, масағын теріп, қырманға таситын едік. Калхоз басқармасының басшысы Ақылбек Есдаулетов болатын, – дейді қиын кезеңді толғаныспен еске алған Зылиха анамыз. 
1945 жыл. Соғыс оты өшіп, сарбаздар туған жерге келе бастайды. Бірақ Зылиха апамыздың үйіне қара қағаз келді. Сол кездегі анасының жай-күйін былай суреттеді ол: «Анам алғашында қатты толқыды. Алайда бізге білдіргісі келмеді. Әкенің орнын білдірмеуге күш-қайратын салды. Еңбекке араласып, ешкімнен кем қылмай өсірді».
Соғыс жылдарынан кейін жастар қара жұмысқа ерте араласты. Олардың ішінде қазақтың қыздары да үлес қосты. Олар қырманның басында жүріп, күріш жинады, одан диірмен тартты. Егін шаруасына ширай түскен жас буын мал шаруасына да қолқанат бола білді. Сауын сауып, төрт-түліктің күйін күйттеді. Тіпті, құндақта сәбиі бар аналар да қара жұмыстың қақ ортасында ерлермен етене еңбек етті.
1956 жылы Қырашта туып-өскен Зылиха Қалкенова Жаңарық елді мекеніне келін болып түседі. Қара шаңырақта анасы мен үлкен əжесі қалады. 1961 жылы əжесі қайтыс болады, ал анасы 2008 жылы 100 жасқа толған шағында дүниеден озды. 9 ұлы бар ана уақыт өте әкесі туралы естеліктер іздейді. Сексеннен асқан шағында қай жылы қайтыс болғаны туралы мәлімет қана табылды.
– Кіші ұлым Түктібай Ахынбеков Нұр-Сұлтан қаласында теміржол саласында басшылық қызметте. Одан әкем туралы мәлімет іздеуін сұрадым. Сұрастыра келе, ұрыс даласында жүрген әкем 1942 жылы қазан айында кетіп, 1943 сəуір айының 14 күні қаза болған. Өмірден ерте озса да, ерлік жолында, елдік жолында қаза тапқанын мақтан етемін, – деді ол.
Қарапайым шаруа адамы болып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген алтын құрсақты анамен дидарласып, көңіл толқынындағы сырларын тыңдадық. Әкеге деген сағынышын жасыра алмай, көзі тірісінде бір естелік жазуды мұрат етіпті. Қазір таңда қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған ұлы Бауырхан тұрады.
Бүгінде сексен үш жасқа қадам басқан әже қос жанарынан айырылса да, көкірегі ояу, жүзінен жылылық еседі. Оған әкеге деген сағынышы жүрекке медеу беретіндей...
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
19 мамыр 2020 ж. 827 0