№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Майдангер:Ғұмырының 71 жылын жамбасындағы оқпен бірге жасасқан

Майдангер:Ғұмырының 71 жылын жамбасындағы оқпен бірге жасасқан


Адамның саусағына кішкентай тікен кірсе де мазасын қашырып, тыныштығын кетірмей ме? Сұрапыл майдан даласында жараланып, өмірінің соңына дейін жау снайперінің 7,62 миллиметрлік оғымен 70 жылдан астам уақыт бірге өмір сүруге мәжбүр болған майдангер Әмірхан Шаймардановтың ғұмыр бойы қандай күй кешкенін елестетіп көріңізші. 


Ұлы Жеңіс Кеңес одағы үшін оңай келмегені хақ. Адамзат баласына үлкен қасірет алып келген Екінші дүниежүзілік соғыс бір сәтте миллиондаған адамның өмірін өзгертті. Тұтқиылдан келген жау бейбіт халықтың шырқын бұзды. Күнделікті тіршілігін жасап жүрген азаматтар мойындарына қару асынып, майданға аттанды. Арттарынан қалған ата, ана, қарындас, әже, жұбайлары қайғыдан қан жұтты. Өкінішке қарай, Отанын қорғау үшін сұрапыл соғысқа аттанған талай сарбаз туған жерін қайта көре алмай, қыршынынан қиылды. Із-түссіз жоғалып кеткені, сұм соғыс салдарынан мүгедек болып қалғаны қаншама?!
Қазір Екінші дүниежүзілік соғыс біз үшін тарихқа айналды. Соғысқа аттанып, "Бейбітшілік туын" арқалап келген әр майдангер біз үшін батырға теңелді. 
11 мамыр 2020 ж. 897 0