» » Ауданда қайта коронавирус дерті тіркелді

Ауданда қайта коронавирус дерті тіркелді

Күні кеше сүйінші сұрап ауданда тіркелген соңғы 31 науқас коронавирусты жеңді деп жақсы жаңалықты жеткізген едік. Артынша арада күн өтпей жаңадан анықталған 1 жағдай қайта тіркелді.
Ол  Жаңақорған ауданында провизорлық карантинде болған азаматтан анықталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның "Батыс Қытай-Батыс Европа" халықаралық көлік жолы бойында орналасқан асханада жұмыс жасайтыны расталды. Енді мамандар қанша адамммен қарым қатынаста болғанын анықтау үстінде. Бұл мәлімдемені облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 232-ні құраса, 181 науқас індеттен айығып шыққан болатын.
Лаура БИБАСАРОВА
14 мамыр 2020 ж. 1 503 0