Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетті

zhanaqorgan-tynysy.kz. Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай – Нұр-Сұлтанда, 11 факті – Алматыда тіркелген.
Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған болатынбыз.
17 наурыз 2020 ж. 1 366 0