№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме

Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме


Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2020 жылғы 6 мамырдағы Жалпы отырысында " Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты сот практикасының жекелеген мәселелері бойынша Түсіндірме әзірледі.
- Оған сәйкес төтенше жағдай режимінің енгізілуі еңсерілмейтін күш мән- жай болып табылады. -Төтенше жағдайды еңсерілмейтін күш мән-жайы деп, яғни заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы сотқа арызбен жүгінудің қажеттілігі жоқ. Себебі төтенше жағдай дәлелдеуді қажет етпейді,жалпыға белгілі факті болып табылады. Төтенше жағдайды енгізу Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен Жарлық шығару арқылы жүргізілген және қандай да бір басқа құжат түрінде рәсімдеуді қажет етпейді. - Қазақстан Республикасының "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы Кодексінің талабына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларымен жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың құқықтарына және оларға қосымша міндеттер жүктейтін шектеу шаралары,оның ішінде кәсіпкерлік және басқа қызметтің ерекше режимін белгілейтін шаралар енгізілді. Бұл актілер халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға,індеттің кеңінен таралуын болдырмау, азаматтар мен ұйымдарды қаржылай қолдауға, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.Сондықтан міндеттемені орындамау тек еңсерілмейтін күштің, яғни енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты қабылданған шаралар мен уақытша шектеулердің салдарынан туындаса мүліктік жауапкершілікке әкеп соқпайды.
- Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарын жүзеге асыру барысында адал, парасатты, әділ болуға және заңнамаларда көзделген қоғамдық әдеп нормаларын,ал кәсіпкерлер- іскерлік әдеп ережелерін сақтауы тиіс. Заңнамамен жекелеген салаларда дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеудің міндетті тәртібі белгіленген. Covid-19 пандемиясы кәсіпкерлік белсенділікті, шарт бойынша міндеттемені орындауды тоқтатқаны немесе бәсеңдеткенін ескере отырып, тараптарға экономиканың жағымсыз салдарын азайту мақсатында іскерлік әдеп қағидаттарын басшылыққа алып, дауларды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады.
- Азаматтық Кодекстің 182 бабының 1 тармағының 1 тармақшасының талабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу талап қою мерзімнің тоқтатыла тұруына әкеп соғады. - Азаматтық процестік Кодекстің 126-бабының талабына сәйкес талап қою арыздарымен (арыздармен) жүгіну, апелляциялық,жеке шағымдар келтіру, заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен қайта қарау жайлы өтінішхаттар келтіру мерзімдері, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде өткізіліп алынған мерзімдер сотпен ұзартылып, қалпына келтірілуі мүмкін. - Егер міндеттемені орындамау еңсерілмейтін күштің әсерінен орын алса, мүдделі тұлға Азаматтық Кодекстің 24-бабына сәйкес міндеттемені орындау мерзімін өзгертуді талап етуге құқылы.

Алия Тубекбаева,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы
14 мамыр 2020 ж. 983 0