№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЖ кезеңінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10-шілдеге дейін жарамды

ТЖ кезеңінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10-шілдеге дейін жарамды

Жаңақорған тынысы. Қазақстан азаматтары ТЖ кезінде жарамдылық мерзімі өткен құжаттарын алдағы екі ай ішінде ауыстыру керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

   Елімізде төтенше жағдай режимі енгізгеннен кейін ХҚКО жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылып, бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетілмей қалды. Олардың ішінде жеке басты куәландыратын куәліктерді қайта рәсімдеу бар.

   ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдайды енгізу форс-мажорлық жағдай деп танылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады.

  Аталмыш құжаттардың тізімі жарияланды:
“Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттар;

жүргізуші куәліктері, оның ішінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы уақытша куәліктер;
азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;

кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі.


Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезеңінде өткен жоғарыда көрсетілген құжаттар ТЖ жойылған күннен бастап, күнтізбелік алпыс күн ішінде, яғни биыл 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде он алты жасқа толған және жеке басты куәландыратын құжат алмаған азаматтар үшін туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көрсетілген кезеңде жеке басын куәландыратын негізгі құжат болып табылады.

kaz.nur.kz
13 мамыр 2020 ж. 584 0