№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Жастар, сақтыққа мән берейік!

Жастар, сақтыққа мән берейік!


COVID-19 ауқымы кеңейіп, елемнің 200-ден аса еліне тарады. Қазақстанды да сырт айналмай, күн сайын ондаған адам жұқтыруда. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің сөзінше, ауданда коронарис синдромы анықталған бір азамат ауруханаға жатқызылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай енгізіліп, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан жүздеген студент ауылға келді. Қазір олар қаншалықты бақылауда. Осының жауабын іздеген едік.
Кеше болған жайт ойыма оралып отыр. Әдеттегідей такси тоқтатып, жұмыстан үйге қайттым. Маска киген адам некен-саяқ. Жүргізуші: «Маска қайта вирусты жинап, адамды ауруға шалдықтырады екен», дегені бар ма? Оның сөзін бір жолаушы қоштай кеттіп: «Бетперде жанға жалау болмайды. Біз вирусқа қарсы вакцина салдырып алғанбыз. Бізге ештеме болмас» деп жайбіррақат отырды.
Аудандық денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, бүгінде карантин аймақтарынан келгендер 1000-нан асады. Басым көбі студент жастар. Олардың бүгінгі жағдайын білмекке сала мамандарын сөзге тарттық.
Аудандық емхананың эпидемиолог-дәрігері Асқан Отарбеков мән-жайды былай жеткізді: «Күнделікті қарапайым сақтық шараларын ұстану – төнген қатерге қалқан болады. Мені қынжылтатыны тұрғындардың осыны ескере бермейді. Коронавирусқа қарсы тұрудың бір жолы – жеке бас гигиенасын сақтап, үйде отыру. Төтенше жағдайдан кейін карантин аймақтан келгендерді медицина қызметкері үй-үйді аралап, 1000-нан аса адам келгенін анықтады. Солардың ішінде 2-3 азаматқа тұмау белгілерімен ауруханада зеттеу жүргізілді. Бірақ ешқандай вирус анықталған жоқ. Індет тараған елдер ішінде 1-ші «Б» санатына кіретін Ресей елінен келген екі азамат бір күндік карантиндік стационарға жатқызылып, вирусалогиялық талдау алынды. Олардың бойында күдік тудыратын ауру белгілері байқалмады. Енді 13 күн медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Қазіргі сәтте провизорлық бөлімшеде бір науқасқа зерттеу жүргізіліп жатыр. Ол Қызылорда облысында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болған. Қазіргі сәтте дене қызуы қалыпты. Талдау нәтижелеріне қарай әрекет етеміз».
Маманның сөзіне сүйенсек, қорқып, үрейленуге негіз жоқ. Тек санитарлық талаптарды сақтану маңызды. Тұрғындар өршіп келе жатқан вирустың қауіпті екенін қаперіне алар емес. Үй ауласында жиын өткізіп жатқаны жиі анықталып жатыр. Яғни келін түсіріп, қыз ұзатып, құда күтушілер тыйылмай отыр. Қазақстанда өлім құшқан науқас коронавирусты құдалықта жұқтырғаны ешкімді алаңдатар емес.
Ал енді аудандағы сақтық шаралары қандай деңгейде? Студент жастардың бас қосуларына куә болып жүрміз. Оларға тыйым салына ма? Мұның жауабын Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдаровадан сұрадық.
– Базар мен сауда орындарына түсіндірме парақшаларын таратуды тоқтатпаймыз. Кафе мен барлар сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасайды. Олар қатаң бақылауда. Барлық дүкендерде ішкі дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатушылар бетперде және арнайы қолғаптармен қызмет көрсетуде. Соңғы уақытта жастардың кешкі уақытта көшеде көп шоғырлануы жайлы шағымдар түсіп жатыр. Қазір ата-аналарына ескерту жасап жатырмыз, – деді жауапты маман.
Сақтық шараларын күшейтуде Түркістан облысымен шектесетін Көктөбе мен Бесарық ауылдық округі тұсында блокпост қойылды. Ондағы жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, тізімі жасалуда.
Жұмыс режиміне келсек, барлық мекемелер онлайн жүйеде жұмыс жасайды. 26 наурыздан бастап Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ХҚКО онлайн режимге көшті. Сондай-ақ екі шипажай уақытша демалушыларды қабылдауды тоқтатты. Балабақшалар күшейтілген сақтық шараларын ұстанып жұмыс жасауда.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев кешкі уақытта көшеде жүрген жастарға қатаң шаралар көретінін ескертті.
Әрине мұның бәрі еріккеннің ермегі емес. Сақтық шараларын арттырудың қамы. Дұрыс түсінейік, ағайын!

Майра ҒАНИЕВА
---
01 сәуір 2020 ж. 670 0