«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды

Қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен сотталушы  М-ға қатысты қылмыстық ісі қаралып, жәбірленушімен татуласына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы М. 2020 жылдың қаңтар айының 25- күні «Алматы - Орал» бағытындағы жолаушылар поездына мініп,  жол жүру барысында  поезд вагон-ресторанынан арақ сатып алып ішіп, алкогольді масаң күйде №9 вагонның мүгедектерге арналған әжетханасына кіріп, оң жағындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың дәретке шығу кезінде ұстап отыратын темірден жасалынған қол тірегішті оң қолымен ұстап, сындырып, тірегіштің бір бөлігімен әжетхананың екі қабатты терезесін бірнеше рет соққы жасау арқылы сындырып, тұтқаның бір бөлігін сыртқа қарай лақтырып жіберген. Өзінің әрекетімен сотталушы М.  жәбірленуші «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының «Оңтүстік» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалына  жалпы құны 35456 теңге мүліктік шығын келтірген.
Сотта сотталушы М. өзіне тағылған айыбын толық мойындап, шын жүректен өкінетінін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын, қазіргі кезде жәбірленушімен татуласқанын, оған келтірілген залалды өтегенін, қылмыстық істі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес тоқтатып, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Жәбірленуші өкілі О. сотталушы  келген мүліктік шығынды толық қалпына келтіргенін, қазіргі уақытта оған қояр талап тілегі жоқ, залал өтелгенін көрсеткен.
Аудандық соттың қаулысымен сотталушы М. жәбірленушімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
26 ақпан 2020 ж. 715 0