Гектарлап күріш егеміз, алайда күріштің бағасы қымбаттап барады
Карантин жағдайы өз-өзімізді танып, ойланып, озық тәжірибелерді үйренуде септігі тисе игі. Себебі сарапшылар коронавирус адамдардың өмірге деген көзқарасын, дүние-танымын, пайым-парасатын өзгертеді, әлем бұрынғыдай болмайды дегенді алға тартуда.
Расында біз бүгінгі жағдайдан сабақ алуымыз тиіс. Онсыз өркениет көшінде тасымыз өрге жүрмеуі мүмкін. Жаңақорған ауылшарушылығы саласына бейімделген ауданның бірі. Бірақ ауылшаруашылық өнімдерін өндемейді. Отар-отар қойдан, үйір-үйір жылқыдан, табын-табын сиырдан не қайыр, еттің бағасын өзіміз реттей алмасақ. Гектарлап күріш егеміз, алайда күріштің бағасы қымбаттап барады. Сонда миллиондаған (теңге) субсидия не үшін, кім үшін береді?
Оны қойшы, өзіміздің қолдан келетін істі баяндасақ. Осы қазақ не іске епсіз, не істің көзін таппайды. Оған бір-екі мысал келтіріп көрейік.
Қазір «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында санитарлық блок бекеттер қойылған. Әр облыстың шекарасында. Карантиндік талапқа сай өзге облыстың көліктерін өткізбейді. Тек арысы Германия мен Польшаға, берісі Ресейге бағыт алған жүк көліктері ағылуда. Блок бекетте тұрған полиция қызметкерлері фургондар көкөніс түрлерін тасуда дейді. Иә өзбектің шаруалары Еуропаның үлкен нарығына өнім өткізіп, карантин кезінде де табыс табуда. Қайбір жылы Жаңақорған ауданының басшылары тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстанға барып, ауылшаруашылығы саласының әлеуетін бағамдап қайтты. Онда атқарылып жатқан жұмыстарды көрген әкімнің орынбасары:
– Егер Өзбекстан шекарысын ашып, нарыққа етене жақындай түссе субсидиямен күн көріп отырған біздің шаруашылықтар банкродқа ұшырайды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолымен ағылып жатқан жүк көліктерінің көбісі Өзбекстанға барады. Әсіресе қыстың соңғы айлары мен көктемнің алғашқы айында ресейліктер өзбектердің қияры мен қызанағына аңсары ауып, камаз-камаз көкөніс түрлерін алдырады. Ондағы көкөністі сақтайтын қоймасын көрдік. Өз көзіме өзім сенбедім. Соңғы технологиямен жабдықталған қоймадағы әрбір есікте көкөністің құрамындағы ылғалдылық деңгейі, витаминдері, микроэлементтері түгел жазылған. Жылыжайында анар, лимон, апельсин және т.б цитрустық жеміс-жидекті көрдік. Өздері ауылшаруашылығы техникасының неше түрін шығарып отыр, – дегені әлі есімде.
Жә, өзіміздің ауыл-аймақ жайлы ой өрбітсек.
Жыл сайын есіктің алдына бірнеше арыққа қызанақ, қияр, қауын, қарбыз егетініміз бар. Көрші Шиелі кентінде кәрістерден көкөніс және бақша дақылы түрлерінің көшетін сатып аламыз немесе Жаңақорған кентіндегі түрік ағайыннан пұлдаймыз. Биыл карантинге байланысты қос кент те жабық. Уақыт өтіп барады. Содан ауылдың адамдары жан-жаққа сұрау салды. Шиелілік алыпсатарлар ауылдың шетіндегі постқа әкеп, екі есе баға қосып сатуда. Мұны естіген әкім тоқтау қойды... Төменарық көп ұлтты ауыл. Түрік, кәріс, шешен, орыс және т.б тұрады. Жарықтық көшеміздегі Вова (ұлты кәріс) көшет сатуда дегенді естіп, үйіне бардық.
Есігінің алдында жерді өңдеп, арнайы жылыжай жасамай-ақ қауын, қияр, қызанақ, баклажан көшетінін бір данасын 35-40 теңгеге сатуда. Онда адам қарасы көп. Таласып-тармасып сатып алуда. Вова келушілерге көшеттерді отырғызуға ерте дегеніне қарамастан сатып әкетуде. Көрші ауылдың тұрғындарына не жоқ десей?!
Вованың сөзінше, 20 мың түп отырғызған екен. Енді бірнеше айда қанша табыс тауып отырғанын өздеріңіз есептеп көріңіздер.
Осындайда Абайдың екінші қара сөзіндегі мына ойы ойға оралады: «Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе – шаршап, жаяу жүрсе – демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасық бас орыс».
Абай қазақтың өзге жұртқа менмен қарағанымен, олардың істе артық екенін былай баяндайды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?».
P.S.: Қысқасы, бізге қандай болмасын өнімді өндіру қолға алмай, көсегеміз көгермейді, осыны түсініп бізге өзгеру керек.
Карантин кезінде ойға түйгенім осы...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ