№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күріш неге қымбаттады?

Күріш неге қымбаттады?

   "Жаңақорған тынысы"  Күріш – Сыр өңірінің бренді. Былтыр күрішшілер әр гектарынан 60,3 центнерден өнім жинап, 530,5 мың тонна дәнді дақылды қамбаға құйды. Осылайша диқандар жаңа рекордқа қол жеткізді, тіпті әр гектардан 108 центнерден өнім алғандар да болды. Бұл тамшы тердің, еткен еңбектің жемісі. Бірақ оларға мемлекет те қолдау көрсетіп отырғаны жасырын емес. Тыңайтқыштар мен өнімнің көлеміне берілетін субсидия бар. Осындайда басқа облысты айтпағанда, кейде өз өңірімізде күріш тапшылығы байқалмаса да, баға құбылып тұрады. Осыны зерделеп көрген едік.




 Сәуір айының соңына дейін ел­де төтенше жағдай тіркелгені сол еді, базардағы азық-түлік бағасы қымбаттады. Басқасы басқа өзімізден шығатын өнімнің құнын ұстап қала алмадық. Ұн, ет, күріштің бағасына шектеу болмай қалды. Бірақ Қызыл­орда облысында күріштің бағасы қымбаттады дегенді қалай түсіндіреміз? Бұл мәселеге сәлден соң тоқталамыз, алдымен аудандағы ахуалды түзеп алайық. Жаңақорғанда 500-ге жуық шаруашылық егінмен айналысады. Диқандар жыл сайын күріш гектарын кеңейтіп келеді. Өнім де жақсы. Бірақ күздің күні сол күрішті тонна-тонналап өзге өңірлерге экспорттап жібереді. Содан кейін біздің аудан күрішті облыс орталығынан тасып, сондағы бағаға тәуелді болады.
  Біз әңгімеге аудандық ауылшаруа­шылығы бөлімінің азық-түлікке жауап­ты маманы Дәулет Оразбековті сөзге тарттық. Бізде өндіріліп жатқан күріш­тің қайда жөнелтілетін қазір әр кәсіпкер өзі шешеді. Дұрыс. Әрине, өнім өзінікі, бірақ алақандай ғана аудан халқын күрішпен толық қамтамасыз ете алма­ған кәсіпкерлерден не қайыр?! Онда миллиондаған субсидия не үшін беріледі?
 – Қазір күріштің нарықтағы құны тұрақталды. Бір келісі 170 теңгеден, ал кенттегі сауда үйлеріне келетін өнімнің басым көпшілігі облыс орталығынан келетіні жасырын емес. Біздің де күріш сапалы, бірақ бізде өнім көбіне батыс және оңтүстік өңірлерге экспортталады, – деді ол.
 Аудан тұрғындары азық-түліктен қиналғанда қол үшін береміз деген кәсіпкерлер де табылды. Тіпті кейбірі қаржылай болмаса да күрішпен қамтамасыз етуге әзірміз дейді. Біздің мақсат диқандарды кінәлау емес, алайда мемлекет берген жеңілдіктен елге қандай пайда тигізіп жатыр деген сұраққа жауап іздеу. Еш болмағанда осындай сындарлы сәтте күріштің бағасын тұрақты ұстауға ықпал етсе дейсіз ғой!
– Бүгінгі күнге дейін шаруашы­лықтардың басым көбі тыңайтқыш, гербицидтерді алып үлгерді. Жерге дән себу жұмысы басталды. Ал субсидияға келетін болсақ күріштің әр тоннасына мемлекет тиісті қаражатын төлейді. Ал экспорттау қожалықтардың өз мойнында, – деді ауданның бас аграномы Дәурен Абибуллаев.
Біз жоғарыда өңірдегі күріштің көптігі сонша экспорттауды сұрап тұр деген едік. Өйткені Еуразиялық экономикалық комиссия дүние жүзінде жарияланған пандемияға орай бірқатар азық-түлік түрлерін осы жылдың 30 маусымына дейін Еуразиялық эконо­микалық одақ елдерінен өзге елдерге шығаруға тыйым салғандығы белгілі. Оның ішіне күріш енді. Бұл жаңалық қызылордалық диқандар үшін айтар­лықтай проблемаға айналды.
  «Қызылорда облысында сауда орта­лықтарының қоймаларындағы кү­ріш­тің қоры 3 мың тонна шамасында. Мұнан өзге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймасындағы ақтал­маған күріштің көлемі 190 мың тонна, яғни 90 мың ақталған күріш бар деп айта аламыз. Мұндай қормен ішкі нарықты толық қамти аламыз. Біздің облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері осы жылдың күз мезгіліне дейін үшінші елдерге экспортқа күріш жеткізіп беру үшін алдын ала ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойып қойған. Бұл саладағы кәсіпкерлердің негізгі табысы экспортқа тәуелді. Сондықтан да біз «Атамекеннің» орталық аппаратына ұсыныс жібердік. Өз кезегінде, орталық аппарат шұғыл тиісті министрліктерге шығып, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді. Нәтижесінде қазақстандық күріш экспортқа кедергісіз шығатын болды», – дейді кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.
Өздеріңіз байқағандай күріш шет елге асып жығылды, бірақ еттің құны секілді ол да нарықтағы бағасын көтермесе түсіргісі келмейді. Біз айттық, кәсіпкерлер жерлестері үшін қандай амалға бара алатынын уақыт көрсетеді.


Әлібек ТЕМІРБЕК
14 сәуір 2020 ж. 954 0