№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұн сатушы әзірге ұнның қоры жеткілікті екенін жеткізді

Ұн сатушы әзірге ұнның қоры жеткілікті екенін жеткізді

Коронавирустың соққысы әлемдік экономикаға ауыр тигелі тұр. Тіпті экономикалық жүйені түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қазір елдердің шекарасы мен қалалар жабылып, экспорт пен импорт тоқтады. Мұнайдың бағасы құлдырап, ұлттық валюталар әлсіреді. Зауыттар мен фабрикалардың жұмысы тұралап қалды. Шағын және орта бизнес субъектілері дамудың жаңа жолын іздеуі тиіс. Мұның әсерінен нарықтағы бағаны ауыздықтау қиындай түсті. Партиялық бақылаумен сауда орындарын аралағанда көңілге осыны түйдік. Осыны рет-ретімен түсіндірсек.

«Nur Otan» партиясы аудандық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Мәжит Балқожаевпен бірге сауда үйлерін араладық. Алдымен ұнның бағасына зер салдық. Ұн сатушы Ғалым Сидазимов әзірге ұнның қоры жеткілікті екенін жеткізді.
– Қостанайда өндірілетін «Кочевник» ұнының бір қабы (50 келілік) 8000 теңге, «Отан», «Түркістан» ұны 7500 теңгеден сатылуда. Ауыл-ауылдан келіп, көтерме бағада алушаларға 7200 мың теңге берудеміз, – деді кәсіпкер.
– Ұнның қоры жеткілікті ме?
– Қазір 20 тоннаның үстінде ұн бар. Бірнеше күнде 30 тонна ұн келеді.
– Бағасын бір қалыпта ұстап тұра аласыздар ма?
– Қоймадағы ұнда осы бағада сатылады. Ал келген ұнның бағасына қарай белгілі болады.
– Қайдан келеді?

– Түркістан мен Қызылорда қала­сынан келеді. Егер Түркістан қала­сы жабылса, ұнды импорттау қиындай түседі.
Партия өкілі ұнның нарқын білгеннен кейін «Заңғар» сауда үйіне табан тіреді. Сауда орнының иесі Нұржан Палманов қарсы алып, жағдайды баяндады.
– Жасыратыны жоқ, негізгі азық-түлік түрлері қымбаттады. Мәселен, күнбағыз майының ішінде өтімдісі «Сергиевское» карантинге дейін 1730 теңге болса, қазір 2000 теңгеден сатылуда. Макарон түрлерінің келісіне 20-40 теңге қосылды. Өзіміздің күріш те қымбаттауда. Қызылорда қаласында өндірілетін күріштің бір келісінің бағасы 30 теңгеге қымбаттап келуде. Біз импортқа тәуелдіміз. Бізге азық-түлік бағалары қандай бағада келеді, соған қарай құбылып отырады, – деп мән-жайды түсіндірді кәсіпкер.

– Азық-түлік қоры жеткілікті ме? – деді Мәжит Балқожаұлы.
– Жеткілікті дей алмаймыз. Аудан карантинге жабылғанға дейін сауда үйлерінде ұзын-сонар кезек болғанын білесіздер. Шиелі ауданынан да кісілер келді. Қарасы көріне бастаған негізгі азық-түрлеріне тапсырыс береміз. Бірақ бір қиындық бар. Кеше қаладан заттар келді. Блок-постан өткізе алмай, өзіміздің көлікпен ішке тасыдық. Бұлай жалғаса берсе, халықты азық-түлікпен қамту қиындай түседі, – деп жауап қатты Нұржан Палманов.
Одан кейін «Береке», «Ғани» сауда үйіне барып, сауда-саттық барысын, заттардың қолжетімділігі мен қорын білдік. Кәсіпкерлердің ортақ уәжі қа­ладан келетін көліктерді кедергісіз өткізуді сұрады. Баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс заңдылығына қа­рай реттелетінін жеткізді. Мәселен, қазір кондитерлік өнімдер мен сусын түрлеріне сұраныс төмендеуіне бай­ланысты бағасында ешқандай өзгеріс жоқ. Қайта арзандап жатқан түрлері бар екен.

Базардың бағамын бағдарлау барасында біздің аудан мемлекеттің субсидияның арқасында жан бағып отырғанын түсіне түстік. Өзімізде өндірілуі тиіс күріштің өзін сырттан тасып отырмыз. Климаттық жағдайы Түркістан, Сарыағашпен ұқсас. Бірақ көкөніс түрлерін сол жақтан тасимыз. Қазір онда қияр мен қызанақ нарыққа шығып, арзан бағада сатылуда. Бізге өнім келеміз дегенінше екі-үш есе қымбаттайды. Сыр өңірінің төрт түлігінің үштен бірі біздің ауданда деп мақтанамыз. Бірақ еттің бағасын реттеуде Шиелі мен Түркістанның нарығына тәуелдіміз.
Өзімізде ауылшаруашылығы өнім­дерін өндемей, көсегеміз кө­гер­мейді. Әсіресе әлемдік дағдарыс ең­сені басқан тұста, өндеу, қайта өн­деу саласын дамытпасақ, бұдан кейінгі уақытта тек ұтылатын бола­мыз. Қысқасы, импортқа тәуелді елде бағаны бақылау қиын. Осыны ескеретін кез келді.
Газеттің алдағы нөміріне коро­на­вирустың әлемдік экономикаға және Қазақстанға әсірін зерттеп, одан шығудың жолын ұсынатын боламыз.


Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
07 сәуір 2020 ж. 964 0