№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үндеудің мақсаты – қоғамды ортақ іске жұмылдыру

Үндеудің мақсаты – қоғамды ортақ іске жұмылдыру

Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан бойынша 49 адамнан Covid-19 вирусы табылды. Оның 22-і Алматы қаласының, 25-і Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Оған Қарағанды қаласынан 2 адам қосылды. Бұл дегеніміз, бізге де сақтық және алдын алу шараларын күшейту керектігін көрсетіп отыр.


Қазақстанның қалыптасып, дамуына тікелей себепткер болған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемді шарпыған коронавирус індетіне байланысты толғамды ойын айтып, елді сабырға шақырған Үндеуін жолдады.
Жаңақорған ауданындағы жастар Үндеуге назар салып, айтылған жайлардың маңызды екенін түсіндік.
Елбасы: «Зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған жөн. Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесін қосуға тиіс. Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынамын. Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетеді деп сенемін. Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет. Ол жұмысты тиісінше сол жерлердің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс» деген ойын ортаға салды.
Жаңақорған ауданындағы белсенді жастардың басын қосқан «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамды қоры аудан халқының қажетіне медициналық маскаларды тігіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін тараттық. Одан бөлек, қайырымдылық шараларын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Мұның бәрі Тұңғыш Президенттің Үндеуімен үндесетіні бізді қуантады.
Қауіпке қарсы тұру үшін қоғам болып топтасуымыз қажет. Еріктілердің қатарын толықтырып, жақындарымызға жанашырлық танытайық.
Наурызбай ЕРІКҰЛЫ,
Жаңақорған аудандық «Жастар ресурстық
орталығының» директоры
20 наурыз 2020 ж. 730 0