№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәртіпті таразыға салмайық

Тәртіпті таразыға салмайық


Коронваирус Сыр өңірінде белең алуына байланысты аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Үндеу жариялап, карантин енгізетінін жеткізді. Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 31 наурызда сағат 24.00-ден бастап Қызылорда қаласына көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Теміржол қатынасына шектеу 1 сәуірден басталады. Бұл өте дұрыс шешім.

Облыс әкімінің Үндеуін маңызды деп санаймын. Енді ортақ тәртіпті таразыға салмай, сақтық шараларын күшейту керек. Өйткені соңғы мәліметтерге сүйенсек, аймақта «COVID-19» вирусын жұқтырғандардың саны бесеуге жетті. Оның біреу біздің ауданнан тіркелді.
Қазақстан бойынша вирус жылдам тарауда. Соңғы деректер көрсеткендей, індетті жұқтырғандар саны 300-ге жетті. Бұл ойнайтын емес, ойланатын өткір мәселе. Қазір әлемде күн санап емес, сағат сайын инфекциядан адамдар көз жұмуда.
Қадірлі жерлестер, сындарлы сәт ауданға да келді. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов «Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі ағайынның саулығы» атты мақаласында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, қоғамнан оқшаулануды ұсынды. Осы ұстанайық, ағайын!
Тәжтажал адамды бай, кедей, кәрі, жас деп таңдап, талғамайды. Сақтанбаған адамның бәрін құрықтайды. Сақ болайық, сақтанайық!

Дархан ТҰРСЫНБАЕВ,
аудан әкімінің орынбасары
02 сәуір 2020 ж. 543 0