№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Бірлігімізге бекем болайық

Бірлігімізге бекем болайық

Әлемнің алпауыт елдерінің ырқына бағынбай, уақыт озған сайын ауқымы кеңейген жаһандық жұқпалы індеттің экономикаға залалы мен зардабы орасан болғалы тұр. Әсіресе әлеуметтік жағдйы төмен отбасыларға ауыр тиері анық. Осы ретте, аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың «Бүгінгі жуапкершілік – ертеңгі ағайынның саулығы» атты Үндеуін әлеуметтік желілер арқылы оқыдым. Әкімнің қысылтаяң шақта әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау шараларын толық қолдаймын.
«Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры осы бағытта жүйелі жұмыс атқаруда. Әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларға маска тігіп, тегін тараттық. Енді азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Аудан басшысы осы бағыттағы игілікті істі жандандырып, кәсіпкерлерді қолдауға шақырды. Біздің ауданда сауапты іске дем беретін қайырымды азаматтар көп. Аудан әкімінің Үндеуін қолдап, кәсіпкерлер қоғамдық қордың есеп-шотына қаржыларын аудара бастады.
Қазір қорға бес адамнан 620 мың теңге түсті. Әкім айтқандай, жиналған қаржы жағдайы төмен отбасылардың әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін нақты кезеңдегі базар бағасынан төмен қаражатқа сатып алуға мүмкіндік жасаймыз. Яғни 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында сатылған бағалармен реттеліп отыратын болады.
Ел мүддесін ойлаған, болашаққа сенген әрбір азамат халықтың әлеуетіне өз үлесін қосып, жомарттылығын байқатары сөзсіз. Осынау қайырымы мол іске ауданның іскер азаматтары үнсіз қалмай, бірлік-берекені арттырып, халыққа түскен ауыртпа¬шылық¬ты жеңілдетуге үлес қосатынына сенемін.

Еркінбек АЙНАҚОЖАЕВ,
«Жаңарған Жаңақорған жастары»
қоғамдық қорының төрағасы

27 наурыз 2020 ж. 752 0