№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудан әкімі 8 сәуірдегі №83 өкімін жариялады

Жаңақорған аудан әкімі 8 сәуірдегі №83 өкімін жариялады

 "Жаңақорған тынысы" Тұрғындардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 7 сәуірдегі №7 қаулысын негізге алып Жаңақорған аудан әкімі 8 сәуірдегі №83 өкімін жариялады.

«Қазақстан Республикасындағы жер­гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Респу­бликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына, Жаңақорған ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрі­герінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №1 қаулысына және Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 07 сәуірдегі №7 қаулысына сәйкес, Жаңақорған кен­тінде коронавирус инфекциясын шоғырландыру және таралуына жол бермеу үшін белгіленген шаралардың орындалуын қамтамасыз ету мақ­сатында:
1. Меншік нысанына қарамастан аудан­дағы барлық заңды және жеке тұлғалар Қызылорда облысы аумағында жарияланған 00.00 сағат 2020 жылғы 8 сәуірден бастап 00.00 сағат 2020 жылғы 22 сәуірге дейін карантиндік режимде белгіленген шектеу және тиым салу шараларын толыққанды сақталуын қамтамасыз етсін.
2. Жаңақорған ауданының полиция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісім бойынша), Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасы (Ш.Айдарова, келісімі бойынша), Жаңақорған ауда­нының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Қ.Бүркітбаев), Жаңа­қорған кентінің әкімі (Е.Сейлов) және тиісті кент, ауылдық округ әкімдері:
1) облыста жарияланған карантин ре­жимі мерзімінде азық-түлік тауар­ларының, дәрілік заттарды, меди­циналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, аудан (тиісті елді мекен) аумағына көліктердің кіруіне және шығуына тыйым салынуын;
2) мамандандырылған мекемелерді тарта отырып, эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін дезин­фекциялау құралдарын қолдана отырып, Жаңақорған кентінің және елді мекендер аумағын өңдеумен толық қамтысын және көрсетілген жұмыстардың тұрақты жүргізілуін;
3) Жаңақорған кентіне 3 бекет орна­ластырып, блок-бекеттер маман­дарының жұмысын күшейтсін және олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етсін;
4) аудан аумағындағы карантиндік мерзімде тұрақты жұмыс жасауға рұқсат етілген мекемелердің қызметтік көліктерінен басқа көліктердің қозға­лысының тоқтатылуын;
5) азаматтардың негізсіз тұрғын үйінен шығуына тыйым сала отырып, төмендегі жағдайларда рұқсат етуді қамтамасыз етсін;
– дәрілік заттар, азық-түлік қажет­тілігін алуға және үй қоқыстарын шығаруға (жақын радиустарда орна­ласқан), бұл ретте тұлғалардың саны 2 адамнан артық болмауын;
– медициналық көмек алуға, бұл ретте медициналық көмек алуға бар­ған тұлғалардың саны 3 адамнан артық (автокөлік жүргізушісі, науқас, сүйемелдеуші) болмауын;
– жұмысқа бару (жұмыс орнынан арнайы анықтамасы немесе қызметтік куәлігі бар);
6) төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық тағы басқа) барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынуын;
7) аудан тұрғындарына кешкі сағат 21.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жүруіне жол бермеуді;
8) азаматтардың қоғамдық орын­дарда, саябақтарда, скверлерде, жа­ға­лауларда, көше балалар ойын алаңдарында және азаматтардың өзге де демалыс орындарында болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдік жұмыстарды күшейтуді;
9) азаматтармен үй карантиндік стационарларда байланыста болған адамдарды оқшаулау мен күзетуді;
10) провизорлық және карантиндік кезінде белгіленген талаптарды бұзу адамдарды оқшаулау мен күзетуді;
11) төтенше жағдай мен карантин кезінде белгіленген талаптарды бұ­зу немесе орындамау анықталған жағ­дайда тиісті әкімшілік шаралар қол­данылуын;
12) карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзіреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шегінде дереу тиісті шара­лар қабылдап, профилактикалық мақсатта жергілікті БАҚ-та кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Жаңақорған ауданының поли­ция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісім бойынша), Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасы (Ш.Айдарова, келі­сімі бойынша), Жаңа­қорған ау­да­нының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Қ.Бүркіт­баев), Жаңақорған ауданының ауыл­шаруа­шылығы бөлімі (Т.Базарбаев), аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайын­дығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі (Ш.Ашимов), Жаңақорған кентінің әкімі (Е.Сейлов) және тиісті кент, ауылдық округ әкімдері:
1) діни үйлердің, балабақшалардың, базарлардың (жануарларды өткізу орындары (мал базарлары), автомобиль және тағы басқа), сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендері, көлік салондары, көлік қосалқы бөлшектер сату салондары, гүл павильондары, химиялық тазартулар, кір жуу мен көлік жуу орындары, фотоательелер, фотосалондар, оптикалар, ломбардтар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агент­тіктер, техникалық қызмет көр­сету станциялары, сауналар, қоғам­дық моншалар, фитнес-клубтар, тре­нажер залдары, спорт кешендері, бас­сейндер, сұлулық салондары, спа-орта­лықтар, студиялар, барбершоптар, ком­пью­терлік және интернет клубтар, бук­мекерлік және лото мот конторлар, билярд клубтары, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, қонақ үй кешендерін жұмыстары, сондай-ақ тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу қызметтерінің тоқтатылуын қамтамасыз етсін;
2) сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда, азық-түлік сауда орын­дарында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен 9.00 сағат­тан 18.00 сағатқа дейін жұмыс істеуін;
3) күшейтілген санитарлық-дезин­фекциялық режимін сақтай оты­рып, «Батыс Европа-Батыс Қытай» авто­магистрлі бойындағы жолау­шыларға қызмет көрсету кешендеріндегі қоғам­дық тамақтану қызметіне «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасауларын;
4) Жаңақорған аумағында жер қойнауын пайдаланушылар мен сер­вистік кәсіпорындарда вахта­лық әдіспен жұмыс жасайтын жұмыс­шы­лардың тізімін блок-бекеттерге жол­дап, аудан аумағына рұқсат құжат­тар негізінде кіріп-шығуын ұйым­дастырылуын қам­тамасыз етсін.
4. Жаңақорған ауданының поли­ция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келі­сім бойынша), Жаңақорған аудан­дық тауарлармен көрсетілетін қызмет­тердің сапасын қадағалау бас­қармасы (Ш.Айдарова, келісімі бойынша), Жаңақорған ауданының кәсіп­кер­лік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Қ.Бүркітбаев), Жаңақорған ауда­нының ауылшаруашылығы бөлімі (Т.Базар­баев), Аудан әкімі аппаратының жұмыл­дыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі (Ш.Ашимов), Жаңа­қорған кентінің әкімі (Е.Сейлов), кент, ауылдық округ әкімдері және аудан аумағында орналасқан барлық екінші деңгейдегі банк филлиалдары, пошталық, коммуналдық және телеком­муникациялық қызмет көрсететін кәсіп­орындар мен ұйымдар, сауда орындары:
1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда қызметкерлер мен клиенттердің (пирометрлермен, қашықтық термо­метр­мен) температурасын өлшеуді міндетті түрде сақтауды, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара-қашықтықты сақтауды, бет-перделік режимді, дезинфекциялық іс-шара­ларды жүргізумен және төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған өзге де санитарлық талаптарды сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйымдастыруды;
2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар мен сауда нүктелерінің жанын­да ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді қамтамасыз етсін.
5. Аудан көлеміндегі барлық мекеме басшылары барлық мемлекеттік орган­дардың, ведомстволардың, меке­ме­лердің, ұйымдардың, кәсіп­орын­дардың қызметкерлері, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қонақтары үнемі қорғаныс бет-пердесін кию міндеттемелерін орындауын қамта­масыз етсін.
6. Жаңақорған аудандық тауар­лармен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасы (Ш.Айда­рова, келісімі бойынша), Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімі (А.Төлегенов):
1) коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша әлеуметтік желілерде жарнамалар тарату, хабар­ландырулар, инфографик, видео­роликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыс­тарының жүргізілуін қамтамасыз етсін;
2) Карантин кезінде жергілікті баспа басылымдардың таралымын тарату уақытша тоқтатуды және бас­па басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желідегі парақшаларда және PDF форматта) жариялануын қамтамасыз етсін.
7. Жоғарыда аталып көрсетілген барлық жауапты мекеме басшыларына карантин шараларының орындалуы жайлы ақпаратты аудан әкіміне күнделікті 2 рет сағат 10.00 және 18.00 ұсынып отыру тапсырылсын.
8. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Жаңақорған ауданы әкімінің кейбір өкімдерінің күші жойылсын.
9. Осы өкімнің орындалуын бақы­лау аудан әкімінің тиісті сала орын­басарларына жүктелсін.
10. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

Сұлтан Мақашов,
Жаңақорған ауданының әкімі
11 сәуір 2020 ж. 850 0