№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы өкімі

Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы өкімі

«Қазақстан Республикасының жер­­­­­гілікті мемлекеттік басқару жә­не өзін-өзі басқару туралы» Қа­зақстан Рес­публикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жар­лығына, Жаңақорған кентінде коро­навирус инфекциясының нақ­тыланған 13 жағдайы тіркелуіне байланысты қабылданған Жаңақорған ауданының бас мемлекеттік санитарлық дә­рігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №1 қаулысына сәйкес, бұдан әрі ауданда инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақ­сатында:

1. Жаңақорған кенті әкімі (Е.Сей­лов), Жаңақорған ауданының полиция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісім бойынша)
1.1. Ауданда 01.04.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап, коронавирус инфек­циясының таралуын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дә­рі­лік заттарды, медициналық зат­тарды және жанар-жағар май та­сы­­малдануының үздіксіз жұмыс жа­­сауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Жаңа­қорған кентіне автокөліктерге 14 тәулікке кіруге және шығуға тыйым салынуын;
1.2. Жаңақорған кентінде тұрғын­дардың себепсіз көшеге шығуын және топталып жиналуына 01.04.2020 жыл­дың 00:00 сағаттан бастап тыйым салынуын;
1.3. Азаматтардың қоғамдық орын­дарында, күндіз-түні көшеде себепсіз болуына тыйым салу мақсатында іс-шараларды күшейтіп, карантиндік ай­мақты күзетуді;
1.4. Коронавирусты инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты азамат­тар­дың үй карантин режимінің сақ­талуын бақылауды қамтамасыз етсін.
2. Жаңақорған аудандық желілік поли­ция бөлімі (Ғ.Абылаев, келісім бойынша), Жаңақорған кенті теміржол вокзалы (Г.Мырзатаева, келісімі бойынша), Жаңақорған кентінен те­мір­жол арқылы өтетін транзиттік жолаушыларды Шиелі станциясында түсіруді 02.04.2020 жылдың 00:00 бастап қамтамасыз етсін.
3.Жаңақорған кенті әкімі (Е.Сей­лов), Жаңақорған ауданының по­ли­ция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісімі бойынша), Жаңақорған ауданаралық ауруханасы (Я.Шорабаев, келісімі бойынша) Жаңа­­қорған аудандық тауарлармен көр­сетілетін қызмет­тердің сапасын қадағалау басқармасы (Ш.Айдарова, келі­сімі бойынша), кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Қ.Бүркіт­баев):
3.1.Блок-бекеттеріндегі маман­дардың жұмысын күшейтіп, олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етсін;
3.2.Азық-түлік дүкендерінің дәрі­ханалардың және жанар-жағар май сату орындарының жұмы­сына күшей­тілген санитарлық-дизен­фек­ция­­лық ре­жим­мен жұмыс жасауын қамтамасыз етсін;
3.3.Азық-түлік дүкендерінің сағат 10:00-ден 20:00 аралығында жұмыс іс­теуін бақылауға алсын;
3.4.Жаңақорған кентіндегі ха­лық­тың тығыз қарым-қатынасын бол­дырмау мақсатында азық-түлік дү­кен­дері, дәріханалар мен жанар-жағар май орындарынан басқа барлық нысандарының жұмысының тоқталуын қамтамасыз етсін;
3.5.Аудандық тұрғын үй-комму­налдық шаруашылығы, автомо­биль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімімен (З.Әшірбеков) бірлесіп ауданішілік және қалааралық (жеке таксилер, микро автобустар, газельдер т.б.) қоғамдық көліктердің қозғалысын 01.04.2020 жылы сағат 00.00 бастап тоқтатылуын қамтамасыз етсін;
3.6.Жаңақорған кентіндегі те­мір­жол вокзалы мен автовокзалды және базарлар, сауда-саттық орын­дарын (ойын, спорт алаңдарын қоса алғанда) тұрғын үй кешендерінің аума­ғындағы аула-алаңдары, көше­лерді, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жуу құралдарын қолда­на отырып, дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын күшейтуін қам­тамасыз етсін;
3.7. Автомобиль трассасында 4 блок-бекеттер енгізе отырып, (Шалқия кенті мост астына, ескі Шымкент-Самара трассасы, Жайылма ауылынан бұрылыста және Сырдария өзенінің үстінен өтетін көпір жанынан) Жаңақорған кентіне кіру және шығу 01.04.2020 жылы сағат 00:00 бастап тоқтатылуын қамтамасыз етсін;
4. Аудандық ішкі саясат бөлімі:
4.1. Жаңақорған ауданының полиция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісім бойынша) мен бірлесіп карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзыретіммен Қазақстан Республикасының қолда­ныстағы заңнамалар шегінде тиісті шаралар қолданылып, профи­лак­тикалық мақсатта БАҚ-қа кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

4.2. Жаңақорған кенті әкімімен бірлесіп коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Жаңақорған ауданындағы шектеу шараларымен Жаңақорған кентінде карантин ре­жимі жайлы жадынамалар тарату, хаба­рландырулар, инфографика, видео­­роликтер арқылы жаппай тү­сін­дірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
5. Жаңақорған ауданаралық ауру­­­ха­насы (Я.Шорабаев, келісімі бойын­ша):
5.1. Денсаулық жағдайына бай­ла­нысты үй жағдайында науқастарға сақтық шаралары жүргізіле отырып, барлық медициналық қызметтің түр­лері көрсетсін;
5.2.Аудандық емханаға қажет­­ті­лікке байланысты келген пациент­терді қабылдауда сақтық шараларын күшейт­сін;
5.3. Жаңақорған ауданының поли­Өция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісім бойын­ша) мен бірлесіп провизорлық және карантиндік стационарларда бай­ланысты болған адамдарды оқшау­лау және күзетуді қамтамасыз етсін;
5.4. Үй жағдайында карантинге алын­ған қарым-қатынастағылардан ка­рантин ережелерін бұзбау жөнінде тіл­хат алынып орындалуын бақылауға алсын;
6. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (Т.Базарбаев), аудандық кәсіп­керлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі (Қ.Бүркітбаев):
6.1.Азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету мақсатында «Байқоңыр» әлеу­­меттік-кәсіпкерлік кор­пора­ция­сымен қажетті азық-түліктердің аудан­ға әкелу жиілігін келісіп, Жаңақорған кентін және барлық ауылдық округтерді қамтамасыз етсін.
6.2. Аудандағы ірі сауда орын­дарымен (Заңғар, Береке, Қарабура, Ғани) келісіп, қажетті азық-түлік қорын сақтау үшін басқа аймақтардан әкелу жұмыстарын үйлестірсін.
7. Жаңақорған ауданының по­ли­­ция бөлімі (Ғ.Тұрсекеев, келісім бойынша) Жаңақорған кентінің көше­леріндегі тәртіпті күзетуге облыстан қосымша 75 жасақ сұратылуын қам­тамасыз етсін.
8. Аудан әкімі аппаратының жұ­­мыл­­дыру дайындығын, аумақтық қор­ғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі (Ш.Ашимов) карантин уақыттарында, посттарда, науқастарды бақылау және емдеу орындарында жұмыс жасайтын мамандарды тиісті және қорғаныш құрал жабдықтарымен (арнайы киімдер, маскалар, анти­септиктер, резинке қолғаптар т.б.) толық қамтамасыз етсін.
9. Аудандық тұрғын үй-ком­му­нал­­­дық шаруашылығы, автомо­биль жол­дары және жолаушылар көлігі бөлімі (З.Әшірбеков), «Арал» салынып жатқан кәсіп орындардың бірлескен дерекциясы (Ғ.Шерниязов, келісімі бойын­­­ша). «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жаңақорған аудандық фи­­­лиа­­лы (С.Сәрсенов, келісімі бойын­ша), Жаңақорған ауданының электр жүйесі (Ш.Рақышев, келісімі бойынша), Жаңақорған техникалық цехы (З.Өрғараев, келісімі бойын­ша) карантин режимі кезінде ком­муналдық қызметтердің (ауыз су, газ, электр жарығы, байланыс) жұмысына кезекшілік ұйымдастырып, қызметтердің үздіксіз берілуін қам­тамасыз етсін.
10.Барлық тиісті кент, ауылдық округ әкімдері карантин режимі уақы­тында азық-түлік тауарларымен қам­тамасыз етіп, тиісінше ауыл аймақ­тарына блок посттар қойылып, аза­мат­тардың кіріп шығуына шектеуді қамтамасыз етсін.
11. Жоғарыда аталып көрсетілген бар­­лық жауапты мекеме басшыларына ка­рантин шараларының орындалуы жайлы ақпаратты аудан әкіміне күнделікті екі рет сағат 10:00 және 18:00 ұсынып отыру тапсырылсын.
12.Осы өкімнің орындалуын ба­қылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарларына жүктелсін.
13. Осы өкім қол қойылған күн­нен бастап күшіне енеді.
04 сәуір 2020 ж. 647 0