№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Букмекерлік клубтың иесі 5 тәулікке қамалды

Букмекерлік клубтың иесі 5 тәулікке қамалды




Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізіліп, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев еліміздегі барлық қоғамдық шараларды тоқтату туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Төтенше жағдай енгізілгенін біле тұра Жаңақорған кентінде  азамат А. 20 наурыз 2020 жылы 22 сағат 46 минут шамасында букмекерлік клубтың меңгерушісі ретінде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, аталған кеңсенің жұмыс жасауына жол беріп, тұтынушыларға қызмет көрсеткені анықталған.
Нәтижесінде аудандық соттың қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 3-тармағымен кінәлі деп танылып,   5тәуліккеәкімшілік қамаққа алынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
31 наурыз 2020 ж. 821 0