№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЗАРДАҒЫ БАҒА ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙ ТҰР

БАЗАРДАҒЫ БАҒА ЫРЫҚҚА КӨНБЕЙ ТҰР


Газеттің №1(8218) санында «Базар бағамы: бақылау мен қадағалау» тақырыбында мақала жазған болатынбыз. Мақсат – базардағы құбылмалы бағаны бағамдап, жаңа жылдан кейінгі тауар нарығындағы өзгешілікті зерделеу еді. Себебі, 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап зейнетақы мен ең төменгі жалақы өсті. Сондай-ақ, доллардың да құбылып тұрғаны белгілі. Сондықтан, ай сайын бағаны сараптап отыруды мақсат тұтқан болатынбыз. Олай болса, қаңтар-ақпан айында базар нарығында қандай айырмашылық бар?

Алдымен, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінен бастасақ. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырып көрейік. Былтыр күріштің келісі 130 теңгеден деп көрсетілсе, биыл бұл баға 190 теңгеге көтеріліпті. Сол секілді ұн мен тауық етінің келісі де 6-8 процентке өскен. Тауық еті 210 теңгеден сатылса, биыл 240-260 деп тұр. Қазақстан бойынша тауық жұмыртқасы 2,1 пайызға қымбаттапты.
Қарап тұрсақ, бұл баға қаңтар айымен салыстырғанда тұрақты. Мәселен, бірінші сортты бидай ұнының келісі – 92 теңгеден асады, пісте майдың бағасы ең төмені 320 теңге болса, қанттың келісі 240-250-теңгеден төмен емес. Науқандық маусым жақындаған сайын картоп, сәбіз, жуа секілдік көкөністер сәл арзандаған. Десе де, көпті алаңдататын еттің бағасының тұрақсыздығы. Себебі, Шиелі ауданында осыдан бір айын бұрын еттің келісі 1250-ден сатыла бастады деп қуанған еді. Алайда, баға біздің нарықпен бірдей 1500 теңгеге тұрақтаған. Түсінуге болады, көрші ауданда біздікі секілді төрт түліктің саны көп емес.
Шиелі демекші, орайы келгенде көрші ауданның нарығымен біздікін салыстырып көрдік. Айтарлықтай айырмашылық байқалмады. Нанның арзаны 70 теңгеден басталса, Шиеліде 65-тен екен. Картоп бізде 80 теңгеден басталса, оларда 85 теңгеден жоғары. Яғни, айырмашылық тек 5-10 теңге ғана. Енді, жоғарыда айтқандай еттің арзандауын түсіндіре кетсек. Бұған басты себеп – Шиелі кентінде ет сататын орындар санының артып, бәсекенің пайда болуы. Сондай-ақ, мал базарының жүйелі жұмысы мен мал сою бекетінің болуы нарық бағасына әсер етпей қоймайды. Ал, бізде ше? Біз төрт түлікті темір тұлпарға тиеп, Түркістан облысына тартамыз. Ал, сатушылар қауымы етті сол көрші аймақтан алып келіп сатуда. Сондықтан, бізге мал соятын пунктер мен мал базарын қалыптастырып, дамытсақ Түркістан нарығына тәуелді болмай еттің бағамын құрықтауға болар еді...
Құбылмалы сауда айналымында баға тұрақсыз болары түсінікті. Сатушылар Сарыағаш, Түркістаннан келетін жеміс-жидекті арқау етеді. Алайда, отандық өнімнің күн өткен сайын қымбаттауы әлі де шешілмеген түйін. Субсидия берілуде, төрт түліктің саны артып келеді. Бірақ баға көңіл көншітпейді. Әрине, бұл тек қарапайым халықтың ғана емес, нарықтан нәпақасын тауып жүрген саудагерлерге де оңай тимейтіні анық. Біз оны саудагерлермен сөйлескенде білдік. Олардың да уәжі көрші өңірлерден келетін тауардың қымбаттауы қалтаға ауырлық түсіреді. Әсіресе, қыста көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы күрт өседі.

СӨЗ СОҢЫ. Биылдан бастап газ бен электр энергиясының бағасы арзандайтыны туралы жиі айтылды. Ұлттық экономика министрінің ақпарынша, кей өңірлерде көгілдір отынның құны сәл арзандады. Мәселен, электр энергиясы – 1,4, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 0,4 процент арзандаған. Ал, Энергетика министрі бензиннің экспорты артатынын сүйіншілеп, Алматыдағы бензиннің бағасын 149 теңгеге түсіріпті. Мұны неге айтып отырмыз? Себебі алып сатарлар базар құнының өсуін осы тарфитер, әсіресе жанар-жағармаймен байланыстырады. Сондықтан, бензин тағы да арзандайтын болса, сауда нарығы да тұрақтанатыны сөзсіз. Біз содан үміттіміз... Әтпесе, жыл басында қосылған зейнетақы мен жалақыдан қайыр жоқ деген сөз...

Әли ТЕМІРБЕК.
19 ақпан 2019 ж. 1 330 0