№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАН БОЛСА ӘН ДЕ БОЛАДЫ. БІРАҚ...

НАН БОЛСА ӘН ДЕ БОЛАДЫ. БІРАҚ...


2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Оған қоса, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Міне, Жолдаудағы осындай өсімдерді естіген бұқара базар бағамы қалай болар екен деп алаңдаулы. Бұрындары «қыз өссе, елдің көркі» деуші еді, бұл күнде «жалақы өссе, базар көркі» болып тұр. Мақалды бұрмалап болғанымыз сол, ауданда нан бағасы тағы да қымбаттады...
Расында 1 бөлке нан бұған дейін 60 теңге тұрса, қазір 70-75 теңгеден сатылуда. Дана қазақ «нан болса, ән де болады» деуші еді. Жарайт. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі «бәрін айтта бірін айт, азық-түліктің жырын айт» дегендей әлеуметтік маңызды тауар түрінен бастасақ.
Сонымен, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жасаған мониторингті сараптасақ. Бұл 2018 жылдың 12-қазандағы мәлімет. Бізге маңыздысы, ұн бағасы болғандықтан ас атасының бағамын бірінші білдік. Бірінші сортты бидай ұнының келісі – 92 теңге. Бұл 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 61,4 пайызға көтерілгенін көрсетеді. Жері құнарлы, астығы мол, қамбасы дәнге толы ел болсақ та, нан бағасы жыл сайын көтеріледі. Бұқараның бірінші қажеттілігі нан болғандықтан оның бағасы да тұрақты болғанын қалайды.
Одан әрі аталмыш бөлімнің жасақтаған 19.08.2015-12.10.2018 жылдарды салыстырмалы түрде азық-түлік бағамын түзген кестесіне үңілсек.
Бірінші кезекте, қымбатшылыққа іліккен тауар бағасында айтарлықтай айырмашылық барын байқадық. Мәселен, 2015 жылы тамызында тауық жұмыртқасы (10 дана) 90 теңге болса, бүгінгі күні 210 теңгеге өскен. Яғни, 133,3 пайыз көтерілген. Екінші, құмшекер бағасы 2015 жылмен салыстырғанда 90 теңгеге көтерілген. 150-ден 240 теңгеге шарықтаған шекер шынымен де «тәтті» болып тұр. Бұдан бөлек, бірқатар азық-түлік бағамында да өсім бар.
Сондай-ақ сараптама соңында Сыр елі – ақ маржанның мекені болғандықтан күріш бағасын да айта кеткенді жөн көрдік. Оған себеп, 2017 жылы Қызылорда облысы жыл қорытындысы бойынша, рекордтық деңгейдегі Сыр салысын қамбаға құйған болатын. Былтыр келісі 130-теңгеден сатылған күріш бағасы биыл-170 теңгені көрсетіп тұр. Бәлкім, биылғы толық күріш ору маусымы аяқталғаннан кейін, күріш бағасы да төмендейтін шығар деген ел үміті басым.
Не десекте, базар бағамы құбылмалы. «Балапанды күзде сана» демекші, астық науқанының нәтижелерін қорытындылайтын күн жақын. Аудан тұрғындары да 20-қазан күні өтетін «Алтын-дән-2018» мерекелік шарасы аясындағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесін асыға күтуде. Нарық бағамынан 10-15 пайызға төмендетіліп сатылатын жәрмеңкеден жұртшылық қыстық азығына қамданады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
13 қазан 2018 ж. 1 910 2

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 15:40
Cialis Generika Empfehlen Cialis For Sale Canadian Acheter Cialis Non Generique cialis 5mg Furosemide And Alcphol Kamagra Acquisto Pfizer

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 00:46
Levitra Controindicazioni Italia Avelox Vs Amoxicillin Cheapest Fastest Canadian Pharmacy cialis tablets for sale Will Cephalexin Help Pneumonia