» » Елбасының үндеуі сенім ұялатты

Елбасының үндеуі сенім ұялатты

  Пандемия әлем жұртын алаңдатып отыр. Сақтық шаралары жүргізілгенімен коронавируспен тіркелушілердің саны күн санап артып келеді. Әсіресе Сыр өңіріндегі ахуал күрделене түсті. Елбасының осындай қиын сәттегі үндеуі ел көңіліндегі үрейді басуға септігі тиді.



  Елбасы айтқандай, біз бұдан да қиын күндерді бірлікпен, ымырамен һәм келешекке деген нық сеніммен еңсердік. Сондықтан бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеу керек. Оның жолы – сабыр етіп, үйде отыру. Қазіргі уақыттың талабы осы.
Мақалада кәсіпкерлерге үлкен ой салды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері іскер азаматтарға үлкен қолдау көрсетіліп, аяққа нық тұруына барлық жағдай жасалды. Расында Енді «Мен еліме не беремін?» деген сауалға жауап табатын уақыт келді. Қазір өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Бұдан қазақтың қайырымды қоғам екенін тани түсеміз.

Ғазиз ӘЙТІЛЕУОВ,
кәсіпкер,
«Ғани» сауда үйінің иесі
11 сәуір 2020 ж. 483 0