Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 58

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 58

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 58

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңақорғандағы нұротандықтар абырой­мен атқаруға дайын

Жаңақорғандағы нұротандықтар абырой­мен атқаруға дайын

   «Egemen Qazaqstan» газетінің ке­зек­ті санында жарияланған Елбасы ма­қа­ласымен толық танысып шықтым. Мақалада еліміздің індетпен күреске ең алғашқылардың бірі болып кіріскенін атап өтті. Әрі қазақ елін ортақ іске ұйысып, қатерді еңсеруге шақырды.

Карантин деп еңсеміз езілген еді, мақаланы оқып қайта тіктелді. Ендігі кезек жастардың қолында, біз тек тілекшіміз.
«Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр», делінген Елба­сының мақаласында.
Көшбасшы партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тара­пынан жер-жерде атқарылып жатқан жұмыстарға бүкіл халық болып қолдау көрсетуге шақырды. Мұндай бастаманы Жаңақорғандағы нұротандықтар абырой­мен атқаруға дайын. Қысқасы, Елбасының мақаласы қысылтаяң шақта бізге жасалған үлкен қолдау деп білемін.

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары
11 сәуір 2020 ж. 776 0