Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үндеу іскерлікке үдеу берді

Үндеу іскерлікке үдеу берді

Республикалық ақпарат құралдарында Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы үндеуі жарияланды. Бұл мақала Елбасының әрқашан да халықпен бірге екенін көрсетіп, ел ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін берді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміз түрлі қиындықтарды бастан өткерді. Тұңғыш Президенттің сындарлы саясаты арқасында ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, стратегиялық жоспарлар қабылданды. Айрандай ұйыған көпұлтты мемлекетіміздің бірлігі арқасында жоспарларымызды жүзеге асырып, айқын мақсаттарға қол жеткіздік. Сондықтан қазіргі қоғамда орын алған әлемдік деңгейдегі мәселелерді бір ел болып еңсереміз деген ойдамын.
Елбасы үндеуінде қазақ халқына сенім артатынын және туындаған қиындықтарды бірлесіп жеңетінімізді жеткізді. Сонымен қоса, Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен Абайдың «Кімге достығың болса, достық – достықты шақырады» деген нақыл сөзін басшылыққа алып, әлемнің барлық мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатқанын тілге тиек етті. Қазір елімізге күн туғанда  ағайындардың қол ұшын беріп, көмектесіп жатқандығы оған куә.
Әлемді жайлаған індетпен күресте еліміздің алдыңғы қатарлы ғалымдары іргелес елдердермен бірлесіп, жұмыс жасауда. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің үндеуінде әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етсе ғана індетті жеңеміз деген еді.
Сондай-ақ ол, жаһан жұртшылығын әбігерге салған пандемияның экономикалық дағдарысқа әкеп соққанын айта келіп, еліміздің болашағына арналған ұлттық қордың барын тілге тиек етті. Оның қазіргі қиын-қыстау заманда пайдасы тиетіні сөзсіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін» - дей келе, қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық деп тілек білдірді.
Үндеуін ең алдымен аға буынға арнаған Елбасының сөзінен кез келген азамат тағылым алары анық. Халқымыз қысыл таяң тұста үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері арқасында ғана бірлесе қиындықты жеңетініне сенемін.
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың үндеуі әрбір қазақстандықтарға қанат бітіріп, алға жетелейтіні сөзсіз!
«Іскер әйелдер кеңесінің» төрайымы Баян Божбанбаева
10 сәуір 2020 ж. 552 0