Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Дәрігерлерге дем берген Үндеу

Дәрігерлерге дем берген Үндеу

Елбасының халыққа Үндеуі әлемді әлекке салған тәжвирусымен күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерге рухани дем, күш беретіні анық. Расында, өлім мен өмір арасында арпаласқан нуақастармен жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлеріне қазір қолдау аса қажет. Сондықтан ел болып Елбасы айтқандай ұйысып, бірлікте болған абзал.

Күн санап өршіп келе жатқан вирусты жеңуге қазақ елінің қауқары жетеді. Ең бастысы елді дүркілтіріп, қорқыныш тудырудың қажеті жоқ.
Иә, Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі 90-жылдардағы қиындықты айтуы бекер емес. Ел Тәуелсіздігін алған уақытта қазақтың тұрмысы төмендеп, тынышымыз кеткен болатын. Сол кезеңдерден де еңсе көтеріп өттік, бұл кеселге де беріліп, үрейленбейік. Сол тұтастығымызды тағы бір дәлелдейтін кез келді. Сондықтан санитарлық шараларды уақытылы жүзеге асырған жөн. Егер сауал туындаса, онда жауапты мамандармен медицина қызметкерлерімен байланыста болғаныңыз жөн. Біз бұл қиындықты да қасқайып көтереміз деген сенімдеміз.

Асқан ОТАРБЕКОВ,
аудандық орталық аурухананың
эпидемиолог-дәрігері
20 наурыз 2020 ж. 809 0