№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Салмақ тек медицина саласының мамандарына түспеуі тиіс

Салмақ тек медицина саласының мамандарына түспеуі тиіс

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан­дай, сындарлы сәтте бәріміздің ойымыз бір арнада тоғысуы керек. Неге? Себебі біз біріксек алынбайтын қамал жоқ, бірлік бар жерде тірлік боларын қазақ бұрыннан біледі. Ал мұндай кезеңде салмақ тек медицина саласының мамандарына түспеуі тиіс. Өйткені әлемде, елдегі болып жатқан жағдай жұдырықтай жұмылып іс қылуды талап етеді.

  Тұңғыш Президент болса өз мақа­ласында жас ұрпаққа келелі кеңес айтып, сенім білдірді. Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген бізді еліміздегі ең қуатты күшке теңеді. Ал осы сенім үдесінен шығу – ортақ міндет. Расында алдыңғы аға буын бізге бағдар көрсетті, жол бастады, сүріндірмеді. Бір сөзбен айтқанда, еңсемізді тіктеді. Енді тәуелсіз мемлекетімізге қызмет ететін уақыт жетті. Ол үшін біз жат әдеттен сақтанып, игі істерге ұмтылуымыз қажет.
Қазір елдегі жағдайға біз де алаңдаймыз. Бірақ бұл қиындықтан өтерімізге сеніміміз мол. Егемен елдің еңсесін одан әрі тіктеуге біз өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Себебі мемлекет бізге сенім артып отыр. Сенімге селкеу түсіру азаматтығымызға сын. Олай болса достар іске сәт!

Мақсат ҚҰЛМҰРЗАЕВ,
Жаңақорған аудандық
«Жастар ресурстық
орталығының» аға кеңесшісі
11 сәуір 2020 ж. 463 0