№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫНДА БЛОК-ПОСТТАР ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫНДА БЛОК-ПОСТТАР ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысында 18-наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттар қойылды. Полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде.

Мәселен, Шымкент-Самара тас жолының 208-шақырымындағы «Сауран» бекетінде коронавирустың Түркістан облысы аумағына енбеуін қадағалау мақсатында арнайы блок-пост тәулік бойы жұмыс істеуде. Бүгін таңғы 9:00ден 13:00-ге дейін 200-ге жуық көлікті тексерген.


Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов қазірге дейін ыстығы көтерілген күдікті азаматтар анықталмағандығын айтты.
«Облыстың шекаралық аймақтарындағы Сауран», «Шақпақ» бекеттерінде арнайы блок-посттар тәулік бойы кезекшілікте. Онда мамандар арнайы 3 перометрмен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Құрылғы азаматтардың дене температурасын 2-3 секундта анықтайды. Қазірге дейін бекеттерде күдікті азаматтар анықталмады», — деді  департамент өкілі.

Сонымен қатар, Шымкент-Алматы тас жолы бойындағы Шақпақ бекетінде де блок-пост тәулік бойы кезекшіліктер тұр. Әр бекет тәулігіне 400-ге жуық көліктерді тексерістен өткізуде.
Бұдан өзге, Түркістан облысындағы әрбір ауданның әкімшілік шекараларында да эпидемияның таралуына тосқауыл қоятын арнайы мамандар бекеттерге жұмыс істеп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты
---
20 наурыз 2020 ж. 649 0