№110 мектеп-лицейдегі семинар
Елдің келешегін анықтайтын ең басты сала – білім беруді заман талабына сай және қоғам қажетіне лайықтау аса маңызды іс. Оқушы санасына заманауи білім дағдыларын сіңіріп, өмір сүруге қабілетті, жан-жақты қылып қалыптастыру керек. Бұл – уақыт талабы. Әсіресе, бастауыш сыныптан оқушының креативті көзқарасын шыңдап, қабілетті ету міндеті тұр. Осындай міндеттердің жолын №110 мектеп-лицейінде бастауыш мұғалімдері арасында өткен облыстық семинарда білдік.
Облыстық семинарда өз тәжірибесімен бөліскен №110 мектептің бастауыш сыныбының ұстаздары жаңартылған бағдар3ламаның озық тұсын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Алдымен семинар қонақтары мектеп фоесінде оқушылардың жетістіктері мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалаудан бастады. Үлкен экранда мектепте өткізілген ашық сабақтар, коучингтер мен мерекелік кештер көрсетілді.
Семинар тренирі Назгүл Шорабекова сыни ойлауға арналған тапсырмалар берудің тиімділігі жайында өз тәжірибесімен бөлісіп, тренингке қатысушыларға әр түрлі әдістерді таныстырды. Соның ішінде «орындық», «дауыс», «көбейту» әдісі көпшіліктің назарын аударды. Осы әдістер арқылы сыныптағы өзіне сенімсіз оқушының ашылуына септігі тиетінін жеткізді.
Одан әрі семинарға келушілер 3 топқа бөлініп, пән мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысты. «Батыр ата» сабағын Айсұлу Жалбызбай, «Герой сказок» сабағын Бану Мажитова, «Кітап неден пайда болады?» сабағын Гүлмира Айсынова, «Жазбаша көбейту және бөлу алгоритімін қолдану» сабағын Жансая Мұсатаева, «Тоо-too moo and the Giand» сабағын Дилянора Саркулова, «Дружит народы – Казакстан» сабағын Гүлназия Тасилова, «Жетістіктің кілті үштікте» семинар тернингті Түймегүл Оразбаева, «Ноme cooking» сабағын Айсұлу Өтегенова өткізді.
Шара барысында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Бала Мұхтар» қойылымы қойылып, ақынның өмірінен сыр шертті. Көрініске 1-4 сыныптың оқушылары қатысып, актерлік қабілетін байқатты. Қойылымды тамашалаған қонақтар Абайдың туған жеріне саяхаттағандай ерекше әсер алғаны үшін мұғалім Зәуре Досжановаға ықыласын білдірді.
Шара барысында «Өнерлі өрге жүзеді» концертінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығы паш етілді. Осы сахнада облыстық, республикалық додаларда бой көрсетіп жүрген жас таланттар өз өнерлерін ортаға салды.
Семинар соңында облыстық білім беру орталығының бөлім меңгерушісі Гүлшат Смағұлова жаңартылған бағдарламаның әр өңірде жасаған зерттеу жұмысымен таныстырып, семинарды қорытындылады. Мектеп директоры Әділмырза Тәждинов пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Аширова, №110 мектептің оқу-ісі меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Кәмшат Бибасарова шығармашыл ұстаздарға алғыстарын айтып, марапат биігіне шақырды.
Сыр өңіріндегі бастауыш пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасып, озық үлгілерді білім үрдісінде қолдануға шақырған семинарда №110 мектептің ұстаздарының белсенділігін, білік-білімін байқадық. Ең бастысы, адами капитал бірінші орынға шыққан уақытта «Күш – білімде, білім – кітапта» деген аталы сөздің тағылымын ұға түскендейміз.
Мақпал МАРҚАБАЙ