№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түгіскенде аудандық семинар өтті

Түгіскенде аудандық семинар өтті


Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – шығармашыл, белсенді, интеллект жоғары, білімді және кәсіби сауатты жастарды қалыптастыру. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов мектеп директорларына осыны міндеттеп, өзі тікелей бақылайтынын айтты. Осы бағыттағы тәжірибе алмасу №209 мектепте «Білім беру үдерісін жаңарту жағдайында жаңа форматтағы сапалы білім мен тәрбиені қалыптастыру және дамыту» тақырыбындағы семинар-кеңесте өрбіді.


Болашақтың нұрлы болуына ықпал ететін күш – білімде. Қазір ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Осыны Н.Қонысова дәріс беретін 5 сынып оқушылары дәлелдеді. «Daily routines. Prtstnt Simple» тақырыбында сабақ жоспарын көпшілік алдында жоғары деңгейде қорғап шыққан ұстаздың шәкірттері кез келген тақырыпқа сай берілген сұраққа мүдірмей жауап берді. Тақырып ауанында түрлі тапсырмалар беріліп, семинарға қатысушылар өздеріне қажетті тұстарын алып, кемшін тұстарын тағы айтып, пікірлерін ортаға салды. Информатика ақпараттық технологияны меңгерудің кілті. Мұны А.Палымбетов пен С.Тұрсынова өзінің сабағында жан-жақты түсіндірді.
Мектепте берілетін білімнің негізі бастауышта қаланады. Бұл жөнінде де мол мағлұмат алдық. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мектепте білім беруді жетілдірудің нақты жолдары мен тәсілдері қазіргі кезде сан алуан әдіспен іске асырылуда. Әр мұғалім: «Менің бүгінгі сабағымнан оқушым не үйренді?», «Мен өз білімімді толықтыру үшін не істедім?» деген сұрақтар төңірегінде ой өрбіткені дұрыс. А.Жұмаділлаева өзі жетекшілік ететін екінші сыныпқа «Отанымды сүйемін» тақырыбындағы сабақта оқушының дүниетанымын кеңейтіп, елді, жерді танытудың нышанын көрдік.
«Рухани жаңғыру – болашақтың басты кепілі» атты тақырыпта ұйымдастырылған көрмені көпшілік назарына ұсынған шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов арнайы қатысып, өз бағасын берді.
Одан кейін мектептің акт залында оқушылар «Отырар», «Жамбыл» және «Бурабай» ауылы болып бөлініп, салт-дәстүр бойынша берілген тапсырмалардан көрініс ұсынды.
Шарада аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы алғы сөз алып, адами капиталдың сапасы шешуші күшке айналғанын, адам білімімен озатын дәуірге келгенімізді, бұл – ұстаздарға жауапкершілік жүктейтінін түсіндірді.
Оқушылардың алған білімдерін көрсете білу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамытуда №209 мектептің директоры Лаура Үсенбекова өз тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу, балаларды қызығушылығын оятуды да басты назарға алған ұстаз «Сілтілік жер металдар» тақырыбында сабақ өтті. Сілтілік жер металдар – екінші топқа жататын металдар екенін, оларға берилий, магний, кальций, барий, радий жататын оқушылар талқылап айтып берді. Сабақ мақсаты осы топтағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттері атомдық массаға тәуелді екені түсіндіру. Қызықты өткен сабаққа аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов қатысты. Ол өз сөзінде тек мектеп мұғалімдері ғана емес, мектеп басшысы оқушының білімін шыңдауға белсенді қатысқаны дұрыс екенін айтты.

Лаура АЙДАРХАН
14 желтоқсан 2019 ж. 597 0