№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕСТЕ САҚТАУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ӘДІСІ

ЕСТЕ САҚТАУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ӘДІСІ


Қазіргі таңда жасы ұлғайған кісілермен қатар, жастардың да есте сақтау қабілетінің төмендегені жиі байқалады. Оның себептері де көп. Солардың бастыларына тоқталсақ:

1. Күйзеліс. Қоршаған орта, у-шуы көп қала мен экология. Таза ауада көбірек жүру, тыныш әрі уақытылы ұйықтау мен бірқалыпты жұмыс кестесі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.
2. Дұрыс тамақтанбау. Уақытылы тамақтанбау, майлы, ащы, тәтті тағамдарды көп қолдану, газды сусындарды, кофе мен шайды жиі қолдану есте сақтауды нашарлатады.
3. Салауатты өмір салтын ұстанбау. Спиртті ішімдіктер, шылым шегу, энергетикалық сусындарды тұтыну мидың жұмысына кері әсер етеді.
4. В 12 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеуі. В 12 дәрумені сиырдың бауырында, ет, балық өнімдерінде, жұмыртқаның сары уызында кездеседі.
Фолий қышқылы жасыл түсті көкөністерде, орамжапырақта, қарақатта, бүлдіргенде, қызылша, жасыл бұршақ, сәбіз, асқабақ, қиярда, саңырауқұлақ, банан, апельсин, қауын сияқты көкөністер мен жеміс-жидектерде өте көп.
5. Дәрі-дәрмектерді жиі қолдану. Кез келген дәрілер, әсіресе, ауыруды басатын, ұйықтататын дәрілер, антидепрессанттар есте сақтау қабілетін төмендетеді.

Аталған кеңестермен қатар, Құранды дауыстап оқу, есептер шығару, түрлі логикалық жұмбақтарды шешу де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.
08 наурыз 2020 ж. 1 215 0