Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАНЫҢ БОЙЫ ҰЗЫН БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

БАЛАНЫҢ БОЙЫ ҰЗЫН БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?


Ә
р баланың тұқымына тартары анық. Десе де бала бойының өсуінде өзін-өзі дамытудың алар орны ерек. Яғни, дұрыс тамақтанумен қатар спортпен айналысу. Баланың «А» дәрумені бар тағамдарды көп жегені жөн. Бұл дәрумен бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, сондай-ақ сары, қызыл көкөністерде, сәбізде, қызанақта, асқабақта болады. Бой өсіруге арналған дәруменге бай балықты да жиі жеп тұруды ұмытпау керек.
Сүйектің қатаюын қамтамасыз етіп, бойдың өсуіне ықпалын тигізер кальцийдің пайдасы мол. Ол қызылша, бұршақ қосылған тамақтарда, сүтте болады. Баланы кішкентайынан дұрыс тамақтандыра білген дұрыс. Бұл үрдісті ананың құрсағында жатқанда да қолданған артық етпейді.
Исландия, Дания және Америка ғалымдары ана жатырындағы тұқымның түзілуіне әсер ететін әртүрлі тағамдарға зерттеу жүргізеді де, сүттің  ерекшелігін анықтайды. Бұл тағамды тұрақты түрде пайдаланған ананың сәбиі сау әрі бойы ұзын болады дегенді алға тартады. Жүкті әйелдерге күніне 150 мл сүт ішуге кеңес береді. Ал, буынның созылып, бойдың ұзаруында спорттың пайдасы зор және өз септігін тигізеді. Сондықтан баланың кішкентайынан спортпен айналысуын қадағалаңыз.
Дереккөз: Massaget.kz сайты.
08 ақпан 2018 ж. 1 914 0