№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа бағдарламаның бағыты

Жаңа бағдарламаның бағыты

Мектептердің оқу бағдарламасы жаңартылған мазмұнға көшкелі оқушылардың білім деңгейін көтеруде мұғалімге қойылар талап күшейді. Сондықтан педагагтор оқыту-семинарларға қатысып, тәжірибе алмасып, жаңашыл жүйені оқуды жолға қойды.
Осы бағытта №169 Н.Илялетдинов атындағы білім ордасында оқу бағдарламасындағы өзгерістер, жаңа бағдарламалар, критериалды бағалау, жалпы білім саласындағы жаңашыл жүйе бойынша облыс орталығынан арнайы төрт бірдей маман келіп, семинар-сабақтар жүргізді.
Екі күн бойы ұстаздармен түрлі бағытта басқосулар, оның ішінде семинардан бөлек мұғалімдердің баламен сөйлесу, сабақ беру дағдысы, оқушылар белсенділігі, тағы басқа осы сынды жұмыстарды көріп, кемшін тұстарына талдау жасалды.
– Біз облыс бойынша әрбір ауданда болып, жаңа бағдарламаны ұстаздардың қаншалықты меңгер­генін көріп, жеткен жетістіктерімен бөлісіп, жаңа жүйенің қиын тұстарын түсіндіруді мақсат тұтып келгенбіз. Яғни мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуге келдік. Ұстаздар арасында ашық атмосфера орнатып, жеке-жеке пікірлесуге де үлгердік, – дейді Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Қызжібек Әбдірахманова.
Айта кетерлігі, бұл сала мамандары арнайы мектеп директорының ұсынысымен келіпті. Аллаберген Ахметов мектептегі оқыту жұмысын жандандыру, жаңашыл көзқарас пен педагог шеберлігін арттыру мақсатында өңірдегі білікті мамандарды арнайы шақыртқан екен.
– «Тиімді оқыту және оқу семинар-практикум» тақырыбындағы семинарға қатыстық. Жаңа жүйенің тиімділігін тереңінен түсініп, оны бойындағы мол тәжірибемен ұштастыра білген ұстаз ғана ойы озық, дарынды да, білімді шәкірт тәрбиелей алады. Ең бастысы, ізденуді тоқтатпай, тәжірибесін толықтыра алған ұстаздың қашанда мәртебесі биік болары анық.
Біз мүмкіндігінше осындай оқыту-семинарларды ай сайын мектепте өткізіп тұруға тырысамыз. Бұл ұстаз бен шәкірт үшін өте қажет, сондықтан дағдыға айналдырып, мұғалімдердің біліктілігін одан сайын арттыруға ниеттіміз. Әсіресе жастарға басымдық беруге болады. Ертеңгі біздің саланың тізгінін ұстайтын солар, сондықтан педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі мамандарымен үнемі байланыстамыз, – дейді мектеп басшысы.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
01 наурыз 2020 ж. 587 0