№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұмыссыздықты жою міндет

Жұмыссыздықты жою міндет


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Әкімнің басты міндеттері мыналар болуы керек: өңірге инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, сапалы жұмыс орындарын құру, мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, тұрғын үй құрылысы мәселелері, адамдарды, оның ішінде жастарды еңбекпен қамту болды. Әкімдердің жұмысы осы көрсеткіштер бойынша бағалануы керек», – дегені әкімдердің рейтингін түзеудегі негізгі критериі. Осыны ескерген, аудан әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірігіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырды. «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өткен шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Сансызбайұлы арнайы қатысты.
Тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынып, мемлекеттік қызмет түрлерінен кеңінен кеңес берген жиында алғы сөз сөйлеген аудан басшысы Ғалым Әміреев шараның маңыздылығына тоқталды.
– Бүгінгі жәрмеңкенің осыған дейінгі жәрмеңкелерден артықшылығы – халыққа мемлекеттік қызмет түрлерін алу қолжетімді болып отыр. Мұндағы мақсат біреу. Ол – тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынып, электронды үкіметтің артықшылықтарын түсіндіру және көпшілікке бос жұмыс орындарын ұсыну. Осы жәрмеңкенің нәтижесінде тұрғындар өздеріне қажетті мәліметті алып, мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасады деген сенімдемін, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы аталмыш жәрмеңкенің артықшылықтарын айтты.
– Бүгінгі жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту. Оларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін кеңінен түсіндіру және жұмыс беруші мен жұмысқа орналасушылардың сұхбаттасуына ықпал жасау, – деді Абзал Мұхимов.
Шараға халықтың сұранысы жоғары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, сәулет және қала құрылысы бөлімі, әділет басқармасы, көші-қон полициясы, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, және т.б. саласы бойынша қызмет көрсететін уәкілетті органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталығы қатысты. Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қоса, тұрғындарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсінік берілді.
– Жалпы, электронды үкімет порталында 746 қызмет түрі бар. Бүгінгі таңда оның 500-ге жуығы электронды нұсқада қолжетімді. Ал, 400 қызмет түрі қағаз түрінде көрсетіледі, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жаңақорған аудандық бөлімінің маманы Нұртас Алмешов.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде тұрғындарға 10 мекемеден 14 бос жұмыс орны ұсынылды.
– Бүгінгі жәрмеңкеге екі бос жұмыс орнын ұсынып отырмын. Балабақшаға орыс тілі пәнінің мұғалімі мен мейірбике қажет. Қазір бірнеше адам тіркеліп үлгерді. Осы жәрмеңкенің арқасында жақсы маманды табу оңайға түседі деп ойлаймын, – дейді Еркетай балабақшасының өкілі Гүлбақыт Жартыбаева.
Иә, 100-ден аса аудан тұрғыны қатысқан жәрмеңкенің халыққа берері көп екені анық. Себебі, нақ осы шарадан тұрғындар өзіне қажетті мемлекеттік қызмет түрлері бойынша кең мағлұмат алып, мамандықтарына сай жұмысқа орнықты.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
30 тамыз 2018 ж. 1 130 0