Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРАПТАР ТАТУЛАСЫП, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТОҚТАТЫЛДЫ

ТАРАПТАР ТАТУЛАСЫП, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТОҚТАТЫЛДЫ


Жаңақорған аудандық сотымен сотталушы
А. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы А., 2018 жылы тамыз айының 3-нен 4-не қараған түні сағат 01:30 шамасында Жаңақорған кенті Хорасан Ата көшесінің бойында орналасқан «Астана» кафесінің алдына келіп, жәбірленуші Ж., кездестіріп, қолында тұрған шыны бөтелкені бет тұсына қарай себепсізден-себепсіз күштеп лақтырып, дене жарақатын салып, оқиға орынынан кетіп қалған.
Сотта анықталғандай, сотталушы А., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі кезде жәбірленуші Ж., татуласқанын, ол өзіне кешірім арызын беріп, медиация шартын жасағандарын көрсетіп, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған және жәбірленуші сотталушыға кешірім беретінін, оған қояр талап тілегінің жоқ екенін, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.
Аудандық соттың қаулысымен сотталушы А., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшін енбеген
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.      
        
18 қазан 2018 ж. 950 0