№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аңғырттық қапы қалдырмасын

Аңғырттық қапы қалдырмасын


Халық арасында жиі тарайтын – тұмау сынды маусымдық инфекцияға жеңіл-желпі көзқараспен қарау қалыптасқан. Бірақ мұндай аңғырттықтың соңы айықпас дертке, қайғылы қазаға ұрындырып жататыны өмір шындығы. Тіпті әлемдегі жағдай біздің алдымызға тағы бір сын-қатерді көсе-көлденеңдеуде. Ол – коронавирус жұқпасы.


Дүние жүзіндегі өзекті мәселенің бірі – адамзатты коронавирус инфекциясынан құтқару болып отыр.
Қазақстанға бұл вирустың келмегені белгілі. Дегенмен Қытай және шет елдерден Қазақстанға келіп жатқан азаматтар көп.
Коронавирусты инфекцияның жағдайы асқынған кезден бері, аудан аймағына Қытай және өзге елдерден 62 адам келіп, барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынса, оның 57-сі қадағалаудан шығарылып, 5-іне әлі жалғасуда.
Денсаулық - ең басты байлық. Сондықтан жалпы халық мына жағдайларды есте ұстаса дейміз:
Нақты қажеттілік болмаған жағдайда Қытай Халық Республикасы мен коронавирус тіркеліп жатқан елдерге баруды тоқтата тұруы қажет.
Шет елдерден оралған болса, әсіресе өздерінде тұмау және басқа жедел респираторлы вирусты инфекциялық белгілері: дене қызуының көтерілуі,мұрынның бітелуі,тамақтың ауруы,жөтел пайда болғанда міндетті түрде жергілікті аймақтық дәрігерге көрініп, өзінің күмәнді сапары жөнінде міндетті түрде хабарлау қажет.
Тұмау және тұмауға ұқсас аурумен сырқаттанып жүрген науқастармен қарым-қатынасты шектеу қажет.
Емдеу орындарына барғанда бір рет пайдаланатын бетперделерді пайдаланған жөн.
Тұмау және тұмауға ұқсас науқастармен қарым-қатынаста болғандармен жанасқанда жиі-жиі қолдарын жуу.
Жанұя мүшелері науқастанған жағдайда жақын қарым-қатынасты уақытша азайту.
Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса, міндетті түрде дәрігерді үйге шақырту қажет, өз бетінше ем қабылдамау қажет.
Аурудың тамақ арқылы жұғу жолының алдын алу үшін, тамақты мұқият қайнатып, жеміс-жидектерді мұқият жуу қажет.
Тыныс алу органдарын бетперде арқылы қорғауға тырысыңыз.
Жалпы, ұлттық табиғатымызға тән құнарлы азық-түлікті тұтынуға, өз өнімдерімізді пайдалануға тырыссақ күш-қуатымыз да толыға түспек.

Асқан ОТАРБЕКОВ,
емхана дәрігер – эпидемиологі
19 ақпан 2020 ж. 738 0