№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қытайдан келген 4 қазақстандық ауруханаға жеткізілді

Қытайдан келген 4 қазақстандық ауруханаға жеткізілді

Өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікке ілінген төрт адамнан қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады.


Қытай Халық Республикасынан келген төрт қазақстандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 6 қаңтардан бері Қытаймен арадағы барлық шекара бекетінде елге кіретін азаматтар арнайы құралдармен тексеріліп жатыр. Барлық адамға анкета жасалады. Артынан тіркеуге алынады.
Осы уақытқа дейін Қытайдан 25 858 адам Қазақстанға келген. Олардың ішінде өз азаматтарымыз бен шетелдіктер бар. Бүгінде дене қызуы көтерілген 23 адам анықталды.
"Барлығын бақылауға алдық. Төрт адам "сан алуан инфекциясы бар" деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Енді, вирустық инфекциялардың нақты айырмашылығы болмағаннан кейін біз оларды өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқыздық. Қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады", - деді Біртанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.Оның сөзіне қарағанда, Қытайдағы коронавирустың жаппай таралу қаупі де қарастырылған. Ол үшін инфекциялық ауруханаларда қосымша 4 500 қосымша кереует қойылған. Резервтік станционарлар да дайын. Барлық аймақта арнайы оқу-дайындық шаралары атқарылуда.
"Қазіргі кезде біз үкіметтің резервінен қосымша қаржыға тапсырыс бердік. Себебі пациенттер мен инфекциямен түскен адамдарға жеке қорғаныс жабдықтары сатып алынады. Соның ішінде дезинфекциялық құралдар мен медициналық жабдықтар бар. Қажетті дәрі-дәрмектер қарастырылған", - деп атап көрсетті Біртанов.

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы "жауып" тастады.
Бірінші болып Ухань қаласы "жабылды". Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.
Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.
Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмған. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған. 



28 қаңтар 2020 ж. 991 0